Үндістан
From Wikipedia, the free encyclopedia
Үндістан (хинди भारत Bhārat, ағылш. India), ресми атауы — Үндістан Республикасы (хинди भारत गणराज्य Bhārat Gaṇarājya, ағылш. Republic of India) — Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістанда 1 210 193 422 адам – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі.
Үндістан Республикасы хинди भारत गणराज्य ағылш. Republic of India | |||||
| |||||
Ұран: «सत्यमेव जयते» | |||||
Әнұран: «জন গণ মন» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 15 тамыз 1947 жыл (Ұлыбританиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | хинди, ағылшын тілі | ||||
Елорда | Нью-Дели | ||||
Ірі қалалары | Мумбаи, Дели, Бангалор, Ченнаи, Калькутта | ||||
Үкімет түрі | Федерацивті парламенттік республика | ||||
Президенті Вице-президенті Премьер министрі |
Рам Натх Ковинд Венкая Найду Нарендра Моди | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 7-ші орын 3 287 263 км² 9,6 | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2011) • Тығыздығы |
▲ 1 324 171 354 адам (2-ші) 1 210 854 977[1][2] адам 403,5 адам/км² (31-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
▲ $11,468 трлн.[3] $ (3-ші) ▲ 8,484[3] $ (119-шы) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
▲ 2,972 трлн.[3] $ (5-ші) ▲ 2,199[3] $ (142-ші) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,640[4] (орташа) (130-шы) | ||||
Этнохороним | Үнділер, үндістандықтар | ||||
Валютасы | Үндістандық рупия (INR, код 356) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .in | ||||
ISO коды | INR | ||||
ХОК коды | IND | ||||
Телефон коды | +91 | ||||
Уақыт белдеулері | +5:30 |
Үндістан, Үндістан Республикасы — Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған. Аумағы 3,3 млн. км² (Лаккадив, Андаман және Никобар аралдарын қоса есептегенде). Астанасы — Дели (Нью Дели) қаласы. Халқы 1 млрд. 400 млн. оның 72%-ы шығу тегі жағынан үнді-арийлер, 25%-ы дравидтер (негізінен оңтүстікте тұрады), 3%-ы — моңғол тектестер. Халқының 9/10 бөлігін ірі ұлттар: хиндустандықтар(31%-дай), бихарлықтар, бенгалдықтар, телугулар, маратхилер, тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар, раджастхандар, ассамдықтар, кашмирліктер, т.б. құрайды.
Діни құрамы:
- индуизм дініне табынатындар — 80,3%;
- мұсылмандар — 11%;
- мәсіхшілік дініндегілер — 4%-дай;
- сикхтар — 2,8%, т.б.