From Wikipedia, the free encyclopedia
Ұзынтұмсықтылар немесе Ұзынмұрындылар, кейде пілтәрізділер (лат. Curculionidae) - түрліқоректі қоңыздардың отряд тармағының тұқымдасына жататын жәндіктер.
Ұзынтұмсықтылар | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Lixus angustatus
| ||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||
Curculionidae Latreille, 1802 |
Бұл қоңыздар әлемнің барлық пұшпағына таралған, тропиктен арктикалық аудандарға дейін жайлайды,тек Ресей аумғының өзінде 5 мыңға жуық түрі мекен етеді.
Тұқымдас өкілдері - өте өзгеше бейнедегі шағын қоңыздар (ұзындығы 5-6 см-ге жететін кейбір тропикалық түрлерді қоспағанда). Олардың бастары түтікбасқа қарай созылған, оның ұзындығы мен қалыңдығы әркелкі, бірақ негізінен тұмсықты (мұндай ұзынмұрындылар кейде пілдер деп те аталады) еске салады.
Ересек қоңыздар бәрінен бұрын өсімдіктің жасылын, тозаңды, гүл тіндерін талғажау етеді. Дернәсілдер сабақтың өзегінде, жапырақта немесе жеміс ішінде өсіп-жетіледі. Мәселен, жаңғақ ұзынмұрындысының балаң құрттары әдетте өзі өсіп шыққан жаңғақты зақымдамай қоймайды. Оның аналығы ұзын мұрнының ұшын жаңғаққа сұғып, 6-8 сағат тынбай еңбектенгеннен кейін оның қабығына саңылау түсіріп, жұмыртқаларын сонда салады.
Ұзынмұрындылардың ең көрікті өкілдерінің бірі - Мадагаскар түтікшесі. Бұл қоңыздың тұрқы 3 см, оның жартысы тұмсығына кетеді. Өз атауын жапырақты шылым кейпінде орайтынына байланысты аталған. Оның ішіне аналық қоңыз жұмыртқасын салады. Мадагаскар түтікшесі өте ашық реңде: оның қызыл және қара топшылары болады. Құдды бір түтік басты лакпен бояп қойған сияқты[1].
Басы бастүтікке ұқсас, кеміргіш ауыз бөлімімен аяқталады, мұрттары шоқпар тәрізді. Дернәсілдері аяқсыз, әдетте ақ түсті, С-тәрізді иілген, кейде боялған. Бастүтік құрылысына байланысты олар қысқатұмсықтылар (Adelognatha) және ұзынтұмсықтылар (Phanerognatha) болып бөлінеді Барлығы өсімдікқоректілер. Ұзынтұмсықтылар көбі тек ғана белгілі бір туыстасқа туысқа, кейде түрге жататын өсімдіктерде, (олигофагтар және монофагтар) дамиды, кейбіреулері көпқоректі, (полифагтар). Ұзынтұмсықтылар көбі ауыл шаруашылық мәдени және орман өсімдіктерінің зиянкестері.[2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.