Ұйқы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ұйқы – адам мен жануарлардың міндетті физиологиялық жағдайы. Бұл кезде сыртқы орта тітіркендіргіштеріне ешқандай жауап қайтарылмайды және организмде жүріп жататын физиологиялық процестердің белсенділігі төмендейді. Оның қалыпты (физиология) ұйқы және терең ұйқы түрлері болады.[1] Сөздің қысқаша түсінігі — іс-әрекетке араласпай, түн мезгілінде жатып, дем алудың табиғи тәсілі. «Пырылдап жұрт ұйқыда, мал күйісте, өтпейді жүргінші де қара жолдан» (Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин Таңд. шығ.).[2]