Ұлттық Алаң (ағылш. National Mall) — Вашингтонның тарихи орталығында орналасқан мұражайлар, ескерткіштер жиналған ландшафтты парк.

Thumb
Ұлттық Алаң түнде, 2009 жыл.

Quick Facts Жалпы мағлұмат, Орналасуы ...
Ұлттық Алаң
ағылш. National Mall
Thumb
2017 жылы
Жалпы мағлұмат
Құрылған уақыты1791
СәулетшісіПьер Шарль Ланфан
Келушілер саны24 миллион[1]
СайтыҰлттық Алаң және Мемориалды саябақтар
nationalmall.org
Орналасуы
38°53′23″ с. е. 77°01′23″ б. б.38.8895965° с. е. 77.0230007° б. б. / 38.8895965; -77.0230007 (G) (O) (Я) (T)
Ел АҚШ
ҚалаВашингтон
Thumb
Ұлттық Алаң
Ұлттық Алаң Ортаққорда
Close

Ұлттық Алаң Смитсон институның бірқатар мұражайларын, көркем галереяларын, мәдени мекемелерді, түрлі ескерткіштер мен мүсіндерді қамтиді, әрі шектеседі. Жыл сайын бұл алаңға (саябаққа) 24 миллион адам келеді.

Тарихы

Thumb
Ұлттық Алаңның жобасы.

Пьер Шарль Ланфан XVIII ғасырда бұл Ұлттық Алаңның жобасын жасап шығарды. Бірақ, бұл жоба тек XX ғасырдың басында жүзеге асырылды.

Пьер Шарль Ланфан 1791 жылы болашақ саябақтың өзі жасаған жобасын таныстырды. Бұл жобада саябақ (алаң) ағаштармен, бау-бақшалармен қоршалған, ұзындығы 1 миль, ені 400 фут, Капитолий және Вашингтон Монументінің арасында, Ақ Үйден оңтүстікке дейін орналасады деп көрсетілген.[2][3][4][5] Соңында бұл жоба іске асып Ұлттық Алаңның құрылысы жүрді. 1802 жылы Мэтью Перри жасаған картада алғаш рет бұл саябақ «алаң» деп аталды.[6]

1850-ші жылдары сәулетші Эндрю Джексон Даунинг бұл алаңға өз ландшафтық жоспарын жасады.

Thumb
Смитсон институты.

1901 жылы «Әдемі қала үшін» деген қоғамдық көтерілісінің нәтижесінде, дүниеге Макмиллан жоспары келді. Макмилланның жоспары Ленфанның жоспарына қарама-қайшы келді. Өйткені, Макмилланның жоспары бойынша бұл алаңнан барлық бау-бақшаларды, кәсіп орындарды, жылыжайларды және ағаштарды алып тастау керек.[7] Макмилланның жоспарында алаңға 300 фут болатын шөп шалғынын орналастыру және 4 қатар шегіршіндерді отырғызу болғандықтан, оның жоспары Ленфанның жоспарынан ерекшеленді. Мәдениет мекемелері әдемі күйінде осы шегіршіндердің артында тұруы керек.[8][9][10][11]

15 қазан 1966 жылы Ұлттық Алаң алғаш рет «АҚШ-тың тарихи орындарының ұлттық тізіміне» енгізілді.[12] 1981 жылы алаң тарихи маңызы бар ретінде танылды. Ал 2003 жылы АҚШ Конгресі 108-ші отырысында алаң мемлекетпен қорғалатыны шешілді.[13]

Алаңның мақсаты

АҚШ-тың ұлттық саябақтар қызметі, алаңның негізгі мақсаттарын жеткізді:

  • Ленфан және Макмиллан жоспарлағандай, мұражайларға, тарихи және мәдени мекемелерге қорғалған, құрметті орын сыйлау.
  • Алаңның демалыс, тарихи орын ретінде, ұл символдары мен шығармашылық толған орын ретінде қамтамасыз етуі.
  • Мемориалдарды, ескерткіштерді, мүсіндерді, монументтерді, бақшаларды жақсы қалыпта ұстау.
  • Алаңның астананың жүрегінде, қандай да бір себептермен, мерейтойлармен, жиналыстармен, іс шаралармен жиналатын орын болуы.
  • Алаңды коммерциялық істерден аулақ ұстау, қайырымдылыққа қарай бағыттау.

Шолу

Thumb
Саябақтың құрылысы.

Жыл сайын жазда АҚШ тәуелсіздік күніне орай Ұлттық Алаңда, ашық аспан астында «Смитсон Фольклор Фестивалі» өтеді. Бұл мерейтой тәуелсіздік күніне дейін бір апта бұрын басталып, тәуелсіздік күнінен бір аптадан кейін аяқталады.

Ұлттық Алаң аумақтарға бөлінеді, ал әр аумақта негізгі ескерткіштері тұр. Құс биіктігінен қарағанда бұл алаң кресттің пішінінде. Бұл кресттің ортасында Вашингтон Монументі орналасқан, солтүстігінде — Ақ Үй, шығысында — Капитолий, оңтүстігінде — Джефферсон мемориалы, батысында — Линкольн мемориалы орын тапқан. Бұлардың арасында саябақтар, мұражайлар, АҚШ ботаникалық бағы орналасқан.

Галерея

Thumb
Ұлттық Алаң, 2004 жыл.
Thumb
Ұлттық Алаң, 2009 жыл.
Thumb
Ұлттық Алаң ұшақтан көрінісі, 2010 жыл.
Thumb
Смитсон институты
Thumb
Ұлттық Алаң
Thumb
Ұлттық Алаң 2005 жылы, Потомак өзені
Thumb
Желтоқсан, 2014 жыл.
Thumb
Саябақ
Thumb
Капитолий

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.