Ұлы Отан соғысы
1941–1945 жылдары КСРО мен нацистік Германия арасында болған әскери қақтығыстар / From Wikipedia, the free encyclopedia
Ұлы Отан соғысы (22 маусым, 1941 жыл – 9 мамыр, 1945 жыл) — Еуропалық "Ось" елдерінің Кеңес Одағына, Польша мен қалған Одақтас елдерге қарсы әскери әрекет театры болған. Қақтығыс 22 маусым 1941 - 9 мамыр 1945 уақыт аралығында өтіп, шайқастар Орталық Еуропа, Шығыс Еуропа, Солтүстік-Шығыс Еуропада (Балтық елдер) және Оңтүстік-Шығыс Еуропада (Балқан) орын алған. Ұлы Отан Соғысы — Екінші Дүниежүзілік Соғысының шешуші майданы болып, нәтижесінде Нацистік Германияның құлауының басты себебі болған.
Ұлы Отан соғысы | |||
Негізгі қақтығыс: Екінші дүниежүзілік соғыс | |||
Жоғарғы сол жақта сағат тілімен: кеңестік Т-34 танктері Берлинге шабуыл жасайды; Курск шайқасы кезінде неміс Tiger I танктері; 1943 жылғы желтоқсан, Шығыс майдандағы "Stuka" неміс сүңгуір бомбардирлері; Ивангородтың Айнзац тобының суреті, онда неміс өлім жасақтары Украинадағы еврейлерді өлтіреді; неміс тапсыру актісіне қол қойған Вильгельм Кейтель; Сталинград шайқасындағы кеңес әскерлері. | |||
Дата | |||
---|---|---|---|
Орын | |||
Нәтиже |
КСРО жеңісі; Германияның сөзсіз тапсырылуы. | ||
Қарсыластар | |||
| |||
Қолбасшылары | |||
| |||
^ КСРО-ға айтарлықтай көмекті АҚШ және Ұлыбритания (Ленд-лиз) көрсетті. Рейхтің одақтастары, жалпы алғанда, Германияның табыстарына өздерінің ресурстарымен, әскерлерімен және басқа да көмектерімен айтарлықтай үлес қосты. Сондай-ақ соғыстың екі жағында да мемлекеттердің/тараптардың азаматтары – қарсыластар (неміс коммунистері) соғысты. | |||
«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «Ұлы» және «Отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́). Елдердің көбісінде бұл қақтығысты «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деп атайды, ал неміс пен украин тарихтануында оған «герман-кеңестік соғыс» деген атауын берген.
Екі басты қарсылас — Нацистік Германия мен Кеңес Одағының арасындағы шайқастар дүниежүзілік тарихындағы ең ірі әскери конфронтациясын құрған. Соғыс Нацистік әскерлердің Кеңес Одақтың батыс шекарасынан басып кіруінен басталып, екпіндей елдің батыс аймағын жаулап алған. Құрама Штаттары мен Ұлыбритания тікелей қақтығыста қатыспаса да, олардың Ленд-лиз бағдарламасы арқылы, олар Кеңес Одақтың Германияны жеңуінде үлкен үлес қосқан. Соғыс басталған соң, Финляндия Қысқы Соғыстың жалғасы ретінде, Германия мен Италияның қолдауымен Ресейдің солтүстік-шығысына басып кірген. Бұл майданда ұзақ-өткен Ленинград Блокадасы өткен.