Ұлы III Альфонсо
From Wikipedia, the free encyclopedia
ІІІ Ұлы Альфонсо Леон - Галисия және Аустрия патшалықтарын б.з. 866 жылдан бастап өмірінің соныңа дейін басқарған.
Ол Аустрия патшасы І Ордоньоның ұлы әрі мұрагері. Альфонсо маврлармен табанды түрде күресіп, Тахо өзенінің солтүстігіндегі бірнеше аудандарды жаулап алды. Кордова эмиратының ішкі жағдайының қиындауы Альфонсаның жетістікке жетуіне мүмкіндік тудырды.
Шамамен б.з.869 жылы Альфонсо Памплон патшалығымен одақтасып,осы одақты нығайту үшін Иньигес Гарсия патшаның қызы – Хименаға,одан кейін Иньигестің қарындасы – Леодигандиге үйленді. 910 жылы өзіне қарсы шыққан балаларына шамасы келмей, тағынан таюға мәжбүр болды. Осылайша Аустрия патшалығы ІІІ Альфонсаныңбалаларына теңдей бөлінді. Альфонсо шамамен б.з. 910 жылы Испанияның Самора қаласында қайтыс болды.[1]