Һомо Еректус
From Wikipedia, the free encyclopedia
Һомо Еректус (Homo erectus = 'тік тұратын адам') — плейстоценнің алғашқы және орта мезгілінде жасаған Ежелгі адам түрі болып, 2 миллион жыл бұрын алғаш Африкада, сосын басқа өңірлерде тіршілік кеше бастаған. Адамзаттың алғашқы көшуі осы Һомо Еректустан басталған. Ол бірнеше адамзат түрлерінің тіке арғы атасы, яғни һомо Хейдельберген, һомо Антесессор, Неандерталдар, Денисовандар және қазіргі адамдар осыдан тарайды. Біртіндеп жойылған түр ретінде, оның қалай жойылуы қайшылықты, әлі де зерттелу үстіндегі мәселе. Оның тағы бірнеше субтүрлері түрлі деңгейде айқындалды.
Һомо Еректустың маймылдық белгілері болған. Оның бас сүйегі талпиған жалпақ, қабақ сүйегі бұлтия шыққан. Бірақ Һомо Ерактус ата-бабасы автралопитехиндерге қарағанда Қазіргі адамға көбірек ұқсайды. Ол екі аяғымен тік тұрып, денесін тік ұстаған, адам секілді жүрген; оның бойының биіктігі де қазіргі адам шамалас болған. Оның миының үлкендігі мен ми қабілеті де қазіргі адамға ұқсайды. Һомо Ерактус Ашель мәдениетінің тас өндірісімен байланысады. Ол алғаш отты пайдалана алған, сөйлей білген, аулау және жинау қоғамына ұйымдасқан, жаралы немесе ауру мүшелеріне қарайласқан, өнер бұйымын жасай алған.