Һуараң
From Wikipedia, the free encyclopedia
Һуараң (кор. 화랑, сөзбе-сөз: гүлденген бозбала) — ежелгі Кореялық Силла патшалығында X ғасырға дейін болған жасөспірімдер әлеуметтік институты. Һуараңдар қатарына тек ақсүйектер емес, сондай-ақ қара халықтан шыққан 14-15 жастағы жасөспірімдер де алынған. Бейбіт заман кезінде олар Құң-зы және буддизм ілімдерінен сабақ алумен, таулы аңғарлармен серуендеумен, қасиетті жерлерге барумен, сондай-ақ мемлекетті басқару мен «қызба перілері» мен қауіп нышандарын айдау, жауды кері шегіндіру сияқты ғажайып күштерге ие әндерді шығарумен айналысқан. Ал соғыс кезінде алдыңғы қатарда тұратын негізгі күш болған. Һуараңдардың ерлігі жайлы корей жылнамаларында Самгук саги және Самгук юса сияқты көптеген деректер кездеседі.
Һуараңдардың рухани сауаты Жинпиоң патша (579-631) тұсында өмір сүрген Уоңуаң есімді будда монахы құрастырған «Бес өсиетке» негізделген: