From Wikipedia, the free encyclopedia
2024 жылғы 7 ақпанда Әзербайжанда президент сайлауы өтті.[1] Бастапқыда 2025 жылғы қазанда жоспарланған бұл сайлауды президент Әлиев 2023 жылғы желтоқсанда кезектен тыс қылды да, 2024 жылдың басына, Таулы Қарабақтағы қақтығыстан кейінгі уақытқа жылжытты. Қақтығыстан кейін Арцах Республикасы атты сепаратистік мемлекет жоқ болды да, Әзербайжан бүкіл Таулы Қарабақты өз құрамына енгізді.[2][3] Операцияның сәтті болғанынан сайлаудың өзі "Жеңіс сайлауы" (әз. Zəfər seçkisi) болып аталып кеткен.
| ||||||||||||||
2024 жылғы Әзербайжандағы президент сайлауы | ||||||||||||||
7 ақпан 2024 | ||||||||||||||
Сайлау органы және нәтижелер | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Тіркелгендер | 6,478,840 (▲21,49%) | |||||||||||||
Сайлаушылар саны | Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). | |||||||||||||
76,73 % ▲ +2,5 | ||||||||||||||
Ильхам Әлиев – Жаңа Әзербайжан | ||||||||||||||
Дауыс | 4,577,693 | |||||||||||||
92,12 % | ||||||||||||||
Зайыт Орудж – Партиясыз | ||||||||||||||
Дауыс | 107,877 | |||||||||||||
2,17 % | ||||||||||||||
Фазыл Мұстафа – ҰТП | ||||||||||||||
Дауыс | 98,623 | |||||||||||||
1,98 % | ||||||||||||||
Құдырет Асанқұл – Бірыңғай Халық майданы | ||||||||||||||
Дауыс | 85,607 | |||||||||||||
1,72 % | ||||||||||||||
Республика президенті | ||||||||||||||
Босатушы | Сайланған | |||||||||||||
Ильхам Әлиев Жаңа Әзербайжан |
Ильхам Әлиев Жаңа Әзербайжан | |||||||||||||
өңдеу |
Әзербайжан — авторитарлық жүйесі бар, тәуелсіз медиасы репрессияланатын мемлекет.[4] Елдегі басты екі оппозициялық партия, Мүсават пен Әзербайжан Халық майданы, сайлаудың демократиялығына күмән келтіріп, үміткер ұсынбайтынын айтты да, сайлаушыларды дауыс бермеуге шақырды.[5][6] Сайлаудағы үміткерлердің кейбірі бұрын Әлиевті ашық түрде мақтайтын.[7]
Алдынғы 2018 жылғы президент сайлауы да кезектен тыс өткен еді; оның нәтижесінде елді 2003 жылдан бері басқарып келе жатқан авторитарлық президент Ильхам Әлиев ресми дерек бойынша 86% дауыс жинап, жеңіске жеткен еді. Оппозиция өкілдері бұл сайлауға қарсы бойкот жариялаған еді.[8]
Әзербайжанның Таулы Қарабақ аумағында үкімет пен армяндық сепаратистер арасында онжылдықтар бойы созылған қақтығыстар жүретін. 1994 жылдан бері бұл аймақ халықаралық деңгейде де-юре Әзербайжанның жері болып саналатын болса да, оны де-факто мойындалмаған Арцах Республикасы басқарып жүрген еді.
2023 жылғы қыркүйекте Әзербайжан Қарулы Күштері Арцахқа қарсы ірі шабуыл жасаған. Операция бір күнге ғана созылды, нәтижесінде Арцах күштері берілді де, Республика ыдырады, аймақ толықтай Әзербайжан жері болды.[9][3]
Әзербайжан Сайлау кодының 178-бабы бойынша сайлау Президент мерзімі соңғы жылының қазанындағы үшінші сәрсенбісінде өту керек делінген.[10] 2016 жылғы конституциялық референдум нәтижесінде президент мерзімі 5 жылдан 7 жылға созылды, кейін Әлиев 2018 жылы қайта сайланды да, келесі сайлау 2025 жылғы 15 қазанда өту керек еді.[11]
Әзербайжан Конституциясының 101-бабы Әзербайжан президентіне кезектен тыс сайлау жариялауға рұқсат береді.[10] 2023 жылғы 7 желтоқсанда Әлиев Жарлығы арқылы келесі президент сайлауының 2024 жылғы 7 ақпанда өтетінін бекітті.[12]
Сайлаудың кезектен тыс өтетініне Әлиев ресми себеп берген жоқ. Reuters журналистері бұл күнді 2023 жылы болған Таулы Қарабақтағы жеңістен кейінгі Әлиевтің танымалдығының «шынға жетуімен» байланыстырады.[13]
Әзербайжан президенті жетіжылдық мерзімдерге, тікелей сайлау жүйесі арқылы сайланады. Сайлауда еш үміткер 50% астам дауыс жинай алмаса, абсолюттік көпшілік жүйесі бойынша сайлаудың 2-айналымы өтеді де, ең көп дауыс жинаған үміткердің екеуі ғана оған қатысады.[14]
Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлаудың ресми жоспары:[15]
Күні | Оқиғасы |
---|---|
9 желтоқсан 2023 | Үміткерлердің ұсынылуы басталды. |
19 желтоқсан 2023 – 8 қаңтар 2024, 18:00 UTC+4 | Үміткерлердің қолтаңба жинауы. |
15 қаңтар–6 ақпан 2024, 08:00 UTC+4 | Сайлауалды науқан. |
28 қаңтар 2024 | Сайлау бақылаушыларының тіркелуі аяқталды. |
7 ақпан 2024 | Сайлау күні, дауыс беру 08:00–19:00 UTC+4 аралығында өтеді. |
Кешке, 7 ақпан 2024 | Сайлау нәтижелерінің дайын болуы. |
17 ақпан 2024 | Конституциялық сот сайлау нәтижелерін тексереді де, растайды. |
Әзербайжан Республикасының аумағында 10 жылдан астам тұрақты тұратын, сайлауға қатысуға құқығы бар, ауыр қылмыс үшін сотталмаған, басқа мемлекеттер алдында міндеттемелері жоқ, жоғары білімі бар және қос азаматтығы жоқ Әзербайжанның әр азаматы Президент болып сайлана алады.[16]
Үміткер аты-жөні мен жасы, саяси партиясы |
Саяси лауазымдары | Қосымша | Тіркелу күні | ||
---|---|---|---|---|---|
Ильхам Хейдарұлы Әлиев (62) Жаңа Әзербайжан |
Әзербайжан президенті (2003–) Жаңа Әзербайжан төрағасы (2005–) Әзербайжан премьер-министрі (2003) |
Жаңа Әзербайжан партиясы Әлиевтің құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына 2023 жылғы 17 желтоқсанда тапсырған.[17] | 30 желтоқсан 2023[18] | ||
Фуад Ағасыұлы Әлиев (53) Партиясыз |
Әзербайжан либералды-демократиялық партиясының төрағасы (2001–2023) |
2008 жылғы президент сайлауында үміткер болған. | 3 қаңтар 2024 | ||
Зайыт Магеррамұлы Орудж (52) Партиясыз |
Ұлттық Мәжіліс депутаты (2003–) |
Парламенттің про-Әлиевтік депутаты.[19][20] Ол бұрын 2018 және 2013 жылғы президент сайлауларына қатысты, 2023 жылғы 8 желтоқсандағы интервьюде Әлиевті мақтады.[21] Оған қарамастан, ол кейін сайлауға қатысатынын жариялады да, 17 желтоқсанда өз құжатын тапсырды.[22] | 6 қаңтар 2024 | ||
Фазыл Газанфарұлы Мұстафа (58) Ұлы тәртіп партиясы |
Ұлттық Мәжіліс депутаты (2005–) |
2023 жылғы 17 желтоқсанда Ұлы тәртіп партиясы Мұстафаның құжаттарын тапсырған еді.[23] | 9 қаңтар 2024 | ||
Елшад Мұсаев (60) Ұлы Әзербайжан партиясы |
Ұлы Әзербайжан партиясының төрағасы (2003–) |
2023 жылы қайта тіркелген Ұлы Әзербайжан партиясының төрағасы. Бұрын 2003 жылғы президент сайлауында үміткер болған. | 9 қаңтар 2024 | ||
Разы Құламәліұлы Нұроллаев (52) Ұлттық майдан партиясы |
Ұлттық майдан партиясының төрағасы (2020–) Ұлттық Мәжіліс депутаты (2020–) |
2020 жылы қайта тіркелген Ұлттық майдан партиясының төрағасы. Бұрын 2018 жылғы президент сайлауында үміткер болған. | |||
Құдырет Мұзафарұлы Асанқұл (59) Бірыңғай Халық майданы партиясы |
Бірыңғай Халық майданы партиясының төрағасы (2004–) Ұлттық Мәжіліс депутаты (2003–) |
2004 жылдан бері Бірыңғай Халық майданы партиясының төрағасы. 2003 жылдан бері елдегі президент сайлауларына қатысады. |
Ұлы Әзербайжан партиясы Мұсаевтың кандидатурасын «Әр зат жеңген халық үшін!» (әз. Hər şey qalib xalq üçün!) слоганымен жариялаған еді. 2024 жылғы 17 қаңтарда Мұсаев Гобустан ауданында сайлаушылармен кездесті.[24]
Ұлы тәртіп партиясының атынан үміткер болған Фазыл Мұстафаның сайлауалды слоганы «Демеуіміз: Жаңалайтын, еңбекқор адам! Мақсатымыз: әлеуметтік Әзербайжан мемлекеті» (әз. Dayağımız: Yeniləşən, çalışqan insan! Hədəfimiz: rifah dövləti Azərbaycan) болған.[24]
2024 жылғы 17 қаңтарда Мұстафа сайлаушылармен Сабунчу ауданында кездесті. Ол кезде ол бұрынғы президент Әбүлфаз Елшібеймен жұмыс істеген Огтай Қасымовпен бірге жүрген.[25]
Партиясыз үміткер болған Фуад Әлиев сайлауға «Бай азамат, бай ел» (әз. Varlı vətəndaş, varlı ölkə) слоганымен қатысқан еді.[24] Сайлауалды науқанын бастаймын деп Фуад сайлаушылармен 16 қаңтарда Бинә елді мекенінде кездескен еді.[26]
Жаңа Әзербайжан партиясы өзінің слоганын сайлауалды науқанның басталған салысымен жариялады. ЖӘ атынан қатысқан ресми кандидат Ильхам Әлиев «Жеңген халықтың жеңген көшбасшысы» (әз. Qalib xalqın qalib lideri!) слоганымен жүрді.[24]
Әлиевтің өзі сайлауалды дебаттарға қатысқан жоқ, орнына өкілін жіберді.[27]
2023 жылғы 21 желтоқсанда президентікке үміткер болған Құдырет Мұзафарұлы Асанқұл БАҚ өкілдерімен кездесіп, өз сайлауалды бағдарламасын жария қылды. Президент болып сайланған жағдайда Асангүл Әзербайжан өз атауын конституциялық референдум арқылы «Солтүстік Әзербайжан Республикасы» өзгертетін болады, Әділет министрлігі мен Бас прокуратура бірігеді, ел 15 әкімшілік бірлікке бөлінеді, жұмысшылардың жалақылары көтеріледі, Әзербайжан әскеріндегі міндетті қызмет мерзімі 6 ай болады және "бала жәрдемақысы" жүйесі пайда болады деп уәде берді.[28]
Оған қоса Асанқұл жасаған ұсыныстар қатарында біраз либералдық реформалар болған, соның ішінде: Ильхам Әлиев есімінің сақталуы, 9 ай ішінде жаңа Конституцияның және парламенттік республика жүйесінің қабылдауы, 2025 жылғы парламент сайлауының пропорциялық сайлау жүйесі арқылы өткізілуі, Ұлттық Мәжіліс атауының «Жоғарғы Мәжіліс» болып өзгертілуі, президент өкілеттігінің азайтылуы, сайлану мерзімінің 5 жылға төмендетілуі, депутат санының 151 адамға көтерілуі, парламент сайлану мерзімінің азайтылуы, 18 жасқа толған қыздардың міндетті әскери қызмет өтуі және тағы басқа.[29]
«Әділет, Заң, Демократия» (әз. Ədalət, Hüquq, Demokratiya) слоганымен жүрген Асанқұл[29] 17 қаңтарда Сумгайыт қаласында сайлаушыларымен кездесті.[30]
Ұлттық майдан партиясының (ҰМП) атынан сайлауға қатысқан Разы Құламәліұлы Нұроллаев партияның идеологиясын социал-демократия екенін жариялады да, өз бағдарламасының көбі әл-ауқаттылыққа көп мән беретінін айтты.[31]
ҰМП төрағасы болып келетін Нұроллаев өзіне «Әлеуметтік әділет, социал-демократия!» (әз. Sosial ədalət, sosial demokratiya!) слоганын таңдап алған. Өз сайлауалды бағдарламасын ол көбіне әлеуметтік медиа арқылы жүргізді.[24] Сайлауалды үгітін ол өзінің туған Имишли ауданынан бастады.[30]
2024 жылғы 9 қаңтарда Оруджтың сайлауалды платформасы кандидат бағдарламасын «4-Республика — Әзербайжан жеңісінің 100 жылдығы» деп атады.[32]
Өз сайлауалды бағдарламасын жариялағанда Орудж өз слоганын да жария етті: «Жеңіс болашағына ИӘ!» (әз. Qalib gələcəyə HƏ!).[33] Сайлауға қатысу себебі ретінде ол Әзербайжанның Таулы Қарабақтағы жеңісінен бергі бүкіл Әзербайжанда сайлау өтуін айтты. Орудж сөзінше, сайлауға қатысудағы мақсат тек жеңіске жету емес.[34]
2023 жылғы 29 желтоқсанда Сыртқы істер министрлігі Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроға, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына, Түркі Мемлекеттерінің Ұйымына, Ислам ынтымақтастық ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және ГУАМ ұйымдарының өкілдеріне сайлауды бақылауға шақырғанын жариялады.[35]
ТМД бас хатшысы Сергей Лебедев сайлауды бақылау мақсатымен 13 желтоқсанда Әзербайжанға келетінін айтты.[36]
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына бағынышты Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро сайлауды бақылауға 26 адамнан тұратын комиссия жіберетінін жариялады.[37]
Орталық сайлау комиссиясының 6 қаңтардағы кездесуі барысында төраға Мәзаһир Панаһов сайлауды бақылауға 19 елдің 72 өкілі келгенін айтты. Оның сөзінше Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро 37 делегат, ТМД Парламентаралық ассамблеясы 17, Түркия Республикасы 5 және ТМД 9 делегат жіберген. Пәнаһов сөзінше Грузия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сайлауды бақылайтын болады. Оған қоса сайлау бақылауға 228 жергілікті бақылаушы тіркелген делінеді.[38]
2024 жылғы 16 қаңтарда Еуропалық парламент Әзербайжанға делегат жіберуден бас тартты.[39]
ГУАМ Демократия және экономикалық даму ұйымы сайлауды бақылауға 5 адамнан тұратын делегация жіберді.[40]
Сайлаудан кейін ЕҚЫҰ өкілдер сайлаудың «еш бәсекесіз», «тым шектелген жағдайда» өткенін айтты да, «сыни пікірлі журналистердің жақында болған қамалулары БАҚ-тың тәуелсіздігіне кедергі болғанын» айтып кетті және дауыстардың әділ саналғанына күмән келтірді.[41]
2024 жылғы 7 ақпан түнінде Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Мәзаһир Пәнаһов сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады. ОСК мәліметінше, жалпы дауыстардың 54.5% саналды да, 92.1% жинаған Ильхам Әлиев жеңіске жетті.
Үміткер | Партиясы | Дауыс саны | % | |
---|---|---|---|---|
Ильхам Әлиев | Жаңа Әзербайжан | 4,577,693 | 92.12 | |
Зайыт Орудж | Партиясыз | 107,877 | 2.17 | |
Фазыл Мұстафа | Ұлы тәртіп партиясы | 98,623 | 1.98 | |
Құдырет Асанқұл | Бірыңғай Халық майданы | 85,607 | 1.72 | |
Разы Нұроллаев | Ұлттық майдан партиясы | 39,727 | 0.80 | |
Елшад Мұсаев | Ұлы Әзербайжан партиясы | 32,956 | 0.66 | |
Фуад Әлиев | Партиясыз | 26,561 | 0.53 | |
Жалпы дауыс саны | 4,969,044 | 100.00 | ||
Тіркелген сайлаушылар/Дауыс бергендер | 6,478,840 | — | ||
Дереккөзі: Turan |
Әлиевтің жеңісі жарияланғанда Бакуда қолдау маршы орын алды.[42] Сайлаушылар жеңісті басқа қалаларда да тойлаған.
Мүсават оппозициялық партиясы сайлаудың демократиялығына күмән келтіріп, нәтижелерінің күшін жойғанын талап етті.[43]
Жеңісінің жарияланғанынан кейін Әлиев түрлі мемлекет басшыларынан құттықтау алды. Солардың қатарында бірінші құттықтаған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев болды,[44] одан кейін хабарласқандар арасында Беларусь президенті Александр Лукашенко,[45] Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан,[46] Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған,[47] Ирак президенті Абдул Латиф Рашид,[48] Сербия президенті Александр Вучич,[49] Пәкістан президенті Ариф Алви,[50] Иран президенті Ибраһим Раиси,[51] Қытай төрағасы Си Цзинпинь,[52] Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Володимир Зеленський болған.[53]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.