Әзери стиль
From Wikipedia, the free encyclopedia
Әзери стиль - Ирандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің бір стилі. "Әзери" сәулет стилі екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең Әзірбайжанда Хулагу мен оның орынбасары билік құрып, Марағе қаласы астана болған кезінде қалыптасты. Екінші кезең Әмір Темір заманында Самарқандтың астана болып таңдалынып алынған кезінде қалыптасты.
Бұл тарихи кезеңнің сәулет өнеріне әсер еткен ерекшеліктері бар. Мысалы, құрылыс салудағы жылдамдық, жұмыс күшінің көп болуы және оның артылып жатуы кейбір ғимараттардың көзге ұрып тұрған қателіктермен салынуына себеп болды. Бұл кезеңде кейбір билеушілер жолдың бағытын ауыстырып отырған, осы себептен кейбір қалалар құлдырап, ал кейбіреулері абадтандырылды. Бұл жағдай "Әзери" сәулет стилінде өте тартымды әралуандықты тудырды.
Әзірбайжан аймағының сәулет өнері маңыздылығы жағынан Иран сәулет стилінің алдыңғы қатарында тұр. Өйткені Парсы, Әзери және Исфахан сәулет стильдері сол аймақтан бастау алып, Иранның түкпір-түкпіріне таралды.
Арий тайпасының бір бөлігі Аран тауларын басып өтіп, Иранға қарай бағыт алып, Әзірбайжан жерін басып өткен кезде онда ағаштан жасалған бағаналары бар верандалар, үлкен жертөлелер мен әдемі сарайларды көрді. Олар жаңа жерде орналасқаннан кейін құрылыс салуда Әзери стилін қолданған. Бұл стиль Ахеменидтер дәуірінің сарайлары мен үйлерін салуда көптеп пайдаланылды.
Сәулет өнері тарихына шолу жасай келіп, Әзірбайжан сәулет өнерінің Исфахан сәулет өнеріне әсер еткендігін көруге болады. Өйткені Сефевидтер кезінде Сефевид шахтары өз құрылыстарында Әзірбайжанның Марағе және Бұнаб қалаларында кең таралған бағанды ағаш үйлерді салу стилінен үлгі алып, Исфаханды осы стиль түрінің көрмесіне айналдырды. Әрине, Исфахан стилі жайлы келесі бағдарламаларымызда көбірек тоқталатын боламыз.
"Әзери" стилінде Әзірбайжан сәулетшілерінің барлық ерекшеліктері толықтай көрініс тапқан. Осы ерекшеліктердің бірі осы дәуірде айрықша байқалатын қосқабырғалы күмбез салу болып табылады