Әйел қырыққұлағы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Әйел қырыққұлағы (лат. Athýrium fílix-fémina) — Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің Қырыққұлақтәрізділер бөлімінің Athyriaceae тұқымдасының биологиялық түрі, Қазақстан жерінде таралған қырыққұлақтардың бірі.
Әйел қырыққұлағы | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Athyrium filix-femina (L.) Roth |
Ірі, селдірлеу, қауырсынды жапырағы оны солтүстік орманында өсетін әдемі сәндік тропик өсімдігіне ұқсатып тұрады. Атауы оның бейнесі қарай берілген - ол еркек қырыққұлаққа қарағанда әдемірек болып келеді. Әйел қырыққұлақ қоңыржай және солтүстік климаттық зоналардағы ең әдемі де кеңінен танымал орман қырыққұлағына жатады. Әйел қырыққұлақтың нәзік жапырақтары өте жеңіл, салмағы жоқ секілді көрінгенімен, ұзындығы 1 метрге жейін жетуі мүмкін. Әйел қырыққұлақ әдетте ылғалды көлеңкелі орманды, бұталар нуын, шалғындықтар мен өзен жағалауларын мекендейді, кейде батпақты жерлерде де кездеседі. Елімізде оны Солтүстік Қазақстанның, Алтайдың ормандарынан жиі көруге болады.