Әйтеке би
From Wikipedia, the free encyclopedia
Әйтеке Би Байбекұлы (1644–1700) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Алшын тайпасының Әлімұлы рулар бірлестігінің Төртқара руынан шыққан.[1] Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім мен Жәңгір хандардың тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.[2]
Quick Facts Лауазымы, Кіші жүз биі ...
Әйтеке би Әйтеке Байбекұлы | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
? — 1700 | ||
Өмірбаяны | ||
Діні | Ислам | |
Дүниеге келуі | 1644 (1644) Қызылша, Нұрата ауданы, Навои облысы, Өзбекстан | |
Қайтыс болуы | 1700 (1700) Нұрата ауданы, Навои облысы, Өзбекстан | |
Династия | Төртқара | |
Туған кездегі есімі | Айтық | |
Әкесі | Байбек Ақшаұлы | |
өңдеу |
Close