Мұзафар Әлімбаев
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мұзафар Әлімбаев (29 қазан, 1923 жыл, Маралды атырабы, Шарбақты ауданы, Павлодар облысы – 26 қараша 2017 жыл, Алматы) — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. 2017 жылы дүниеден озды.
Мұзафар Әлімбаев | |
Лақап аты |
Мәлім[1] |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері |
Маралды атырабы, Шарбақты ауданы, Павлодар облысы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты | |
Мансабы |
Жазушы, ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, редактор |
Шығармашылық жылдары |
1939 – 2017 |
Жанры |
Поэма, өлең |
Шығармалардың тілі | |
Дебюті |
Қарағанды туралы әндер (1952 жыл) |
Марапаттары | |
Сыйлықтары |
Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы (1984) |
Арғын тайпасы Шегендік руы Қақсал бөлімінен шыққан[2].
Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, Александр Сергеевич Пушкиннің 4 томдығын тауысады.