From Wikipedia, the free encyclopedia
Әлімқұл Жамбылов (9 мамыр 1927, Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл - 14 қараша 2015, Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл) — ақын, Жамбылдың немересі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1979), Қазақстанның халық ақыны (1996).
Әлімқұл — Жамбылдың ортаншы ұлы Тоққұлының баласы. Алты айлығында жетім қалған соң, Жамбылдың інісі Сатыш бауырына салып өсірген. Жасынан Жамбыл атасының жанында жүріп, тәлім-тәрбие алды, көптеген өлеңдерін жаттап айтып жүрді. өлы Отан соғысы жылдары баспаханада жұмыс істеді. Ол кітапханашы, қызыл отау, автоклуб меңгерушісі болып жарты ғасыр мәдениет саласында қызмет істеп, малды ауылдарды аралап өнер көрсетті. “Сырлы қызыл домбыра” жыр жинағы жарық көрген (1996). Ж. айтыс ақыны ретінде танылды. М.Көкенов, Ә.Сарыбаев, Ә.Ысқабаев, Н.Лушникова, т.б. ақындармен айтысқа түскен. Жамбылға, Кененге, Үмбетәліге, Тұрмағамбетке арналған толғаулары бар.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.