Әскери парад
From Wikipedia, the free encyclopedia
Әскери парад (ағылш. Military Parade) – мерекелер мен мемлекеттік маңызды оқиғалар құрметіне өткізілетін гарнизон әскерлерінің салтанатты байқауы. Парадқа қатысатын әскер құрамы, әскери парадтың болатын уақыты мен жері, киім-кешек формасы, сапқа тұру және шеру тарту тәртібі гарнизон бастығының бұйрығында айтылады.Ежелгі дүние мен орта ғасырларда әскери парад әскерлердің соғысқа әзірлігін байқау мақсатымен, соңынан жауды жеңгендіктің құрметіне өткізілді.