Өзбекстан Министрлер Кабинеті

Өзбекстан атқарушы билік органы From Wikipedia, the free encyclopedia

Өзбекстан Министрлер Кабинеті

Өзбекстан Министрлер Кабинеті (өзб. O‘zbekiston Vazirlar Mahkamasi), кейде Өзбекстан үкіметі (өзб. O‘zbekiston hukumati) — Өзбекстан Республикасындағы атқарушы билік басындағы үкімет органы. Министрлер Кабинетін премьер-министр басқарады.

Quick Facts Өзбекстан Министрлер Кабинеті өзб. O‘zbekiston Vazirlar Mahkamasi, Жалпы мағлұмат ...
Өзбекстан Министрлер Кабинеті
өзб. O‘zbekiston Vazirlar Mahkamasi
Өзбекстан елтаңбасы
Жалпы мағлұмат
Мемлекет  Өзбекстан
Құрылған уақыты 30 қыркүйек 1991
Оның алдындағы мекеме Өзбек КСР Министрлер Кеңесі
Штаб-пәтері Үкімет үйі (Мустақиллик алаңы, 5), Ташкент
Премьер-министр Абдулла Әріпов
Ресми сайты
gov.uz
Close

Министрлер Кабинеті экономикалық, әлеуметтік және рухани салалардың тиімділігін қамтамасыз етеді де, заңдардың, Олий Мәжілістің басқа да шешімдерінің, Президент Жарлықтары мен бұйрықтарының орындалуын қамтамасыз етеді. Министрлер Кабинетi өз қызметiнде Өзбекстан Республикасының Президентi мен Олий Мәжілісі алдында жауап бередi. Министрлер Кабинетінің қаулылары мен өкімдеріне Премьер-Министрдің өзі қол қояды.

Тарихы

Өзбекстан Министрлер Кабинеті 1991 жылдың 30 қыркүйек күні пайда болды.

2017 жылдың 12 маусым күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев вице-премьер санын бір вице-премьерге азайтты.

Жалақысы

2019 жылы министрлердің жалақысы 1,727 миллион сумды (шамамен 205 АҚШ доллары) құрады.

Құрамы

Бұл бөлімде Өзбекстан Министрлер Кабинетінің 2022 жылғы 20 шілдеден бері ағымдағы құрамы берілген.[1]

More information Лауазымы, Аты-жөні ...
Лауазымы Аты-жөні Партиясы
Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріпов ӨзЛиДеП
Транспорт министрі Ильхам Рүстемұлы Маһкамов Жоқ
Энергетика министрі
Құрылыс министрі Батыр Еркінұлы Закиров Жоқ
Экономика министрі Жәмшид Әнуарұлы Қошқаров Жоқ
Қаржы министрі Тимур Аманжанұлы Ишметов Жоқ
Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі Назым Бахтиярұлы Һусанов Жоқ
Мәдениет министрі Азатбек Аһмадұлы Назарбеков Жоқ
Ішкі істер министрі Болат Разақұлы Бабажанов Жоқ
Сыртқы істер министрі Владимир Имамұлы Норов Жоқ
Сыртқы Сауда министрі Жәмшид Абдуһәкімұлы Қожаев Жоқ
Қорғаныс министрі Баһадүр Низамұлы Құрбанов Жоқ
Жоғары және орта білім беру министрі Абдуқадір Һамидұлы Тошқұлов Жоқ
Халық тәлімі министрі Бахтияр Әділұлы Саидов Жоқ
Туризм және спорт министрі Азиз Абдуқаһһорұлы Абдуһәкімов Жоқ
Спорт министрі Адһам Илхамұлы Икрамов Жоқ
Су шаруашылығы министрі Шавкат Раһымұлы Һамраев Жоқ
Әділет министрі Русланбек Құрылтайұлы Дәулетов Жоқ
Денсаулық сақтау министрі Бекзад Әнуарұлы Мұсаев Жоқ
Төтенше жағдайлар министрі Абдулла Һамидоллаұлы Қолдашев Жоқ
Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Хотамұлы Шерматов Жоқ
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрі Шерзод Саиджанұлы Һидоятов Жоқ
Мектепке дейінгі білім министрі Агриппина Василийқызы Шин Жоқ
Инновациялық даму министрлігі Ибраһим Юлчиұлы Абдурахманов Жоқ
Қоғам және отбасы істері министрі Тұрсынхан Айдарұлы Құдайбергенов Жоқ
Close

Дереккөздер

  1. Министрлер Кабинетінің құрамы Мұрағатталған 15 шілденің 2015 жылы. (өзбекше) (орысша) GOV.UZ. Өзбекстан Үкіметі сайты. 12 қаңтар 2021

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.