Өткір радиация (орыс. Проникающая радиация) — ядролық жарылыс кезінде тарайтын радиоактивті сәулелер (гаммасәулелер мен нейтрондар). Ядролық жарьшыс кезінде пайда болып, лезде жанжаққа тарайтын, көзге көрінбейтін және адамдар сезінбейтін сәуле ағыны. Өткір радиацияға атом жарылысы энергиясының 10-15 пайызы кетеді. Өткір радиацияның әсері 10-15 секундқа созылады да, ол организм клеткаларын иондап, оған зиянды биологиялық әсерін тигізеді. Оның әсерінен тірі клеткалар кобею мүмкіншілігін жояды да, сәуле ауруына шалдығады. Аурудың дәрежесін радиоактивті сәулелендірудің молшері арқьшы біледі, оны рентген көрсетеді. Тротнлді эквиваленті 20 мың тонна ядролык бомба ашық жерде жарылғанда эпицентрден 600 м қашыктықта сәулелену дозасы 10 мың рентгенге, 1 км қашықтықта 1000 рентгенге, 1,5 км қашықтықта 100 рентгенге жетеді. Әр түрлі заттардан (оның ішінде ауадан да) өткенде гамма-сәулелер мен нейтрондардың күші кемиді. Радиацияның әсері жабулы блиндаждардан, баспаналардан, тік ордан, үйлердің кабырғаларынан, кемелер мен танкілердің корпусынан өткенде азаяды. Бұлар сәулелерден де қорғайды. Жер астында немесе су астында жасалған ядролық жарылыстың әсерін жер қабаттары (немесе су) едәуір азайтады, қауіпсіздендіреді. Мыс., 10 см бетон, 14 см жер қабаты, қалыңдығы 25 см ағаш Өткір радиацияның күшін екі еседей кемітеді. Сондықтан да жарылыс кезінде арнаулы орындарга жасырынган адамдар бірдей кашықтыкта түрғанның өзінде радиацияның мөлшерін ашық жерде қалғандардан едәуір аз қабылдайды. [1][2]

Thumb

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.