COVID-19 пандемиясы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Коронавирус ауруының пандемиясы 2019 жылы, желтоқсан айының ортасында орталық Қытайда орналасқан Хубэй провинциясына кіретін Ухань қаласының Хуанань жануар мен теңіз өнімдері базарында болған тұрғындары түсініксіз пневмонияға шалдыққаны анықталған кезден басталды.
Коронавирус инфекциясының пандемиясы | |
10,000+ расталған жағдай 1,000–9,999 расталған жағдай 100–999 расталған жағдай 10–99 расталған жағдай 1–9 расталған жағдай | |
Ана тіліндегі атауы | қыт. 2019-2020年新型冠狀病毒肺炎事件 |
---|---|
Дата | 17 қараша 2019 жылдан бастап (4 жыл, 6 ай, 5 күн) |
Орны | Ошақ: Ухань, Хубэй, Қытай |
Түрі | Жаңа коронавирус індеті |
Себебі | SARS-CoV-2 |
Шығын | |
2022 жылғы 28 шілдесіндегі мәлімет: Расталған жағдайлар: 578,668,455 Өлім саны: 6,410,994 (жарияланған) 20.1 млн (бағаланған)[1] Жазылып шыққандар: 548,683,523 Індет жайылған елдер саны: 230 |
|
Ухань, Қытай, тіркелген жалғыз ошақтың орналасқан жері | |
өңдеу |
Осыдан кейін Қытай ғалымдары коронавирустың жаңа түрін анықтады — SARS-CoV-2. Оның генетикалық құрылымы ауыр жіті респираторлы синдромды (атипті пневмония деген атаумен танымал) қоздыратын SARS-CoV вирусына 70% ұқсайтыны белгілі болды. Осылайша олар карта құрып, жаңа вирустың генетикалық құрылымын анықтады.[2][3][4][5]
22 қаңтардан бері Ухань қаласында карантин жарияланып, қоғамдық көліктер тоқтатылып, қалаға кіріп-шығуға тыйым салынған; дәл осындай карантин 24 қаңтардан бастап Уханьға шекаралас Хуанган, Эчжоу, Чиби және Чжицзян қалаларында жарияланған[6][7]. Жалпы алғанда қытайлық 14 қаладан шығуға тыйым салынған[8]. Вирус Қытайдың бірнеше әкімшілік аймақтарында анықталған.
22 қаңтар күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдай комитетінің індетке қатысты отырысы өтті. 23 қаңтарда ДДҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус ДДҰ төтенше жағдай комитеті жаңа коронавирус індетінің өршуі ерекше қауіп төндіретіні жайлы бір тоқтамға келмегенін айтып, халықаралық деңгейде денсаулық сақтау аясында төтенше жағдай жарияланбайтынын мәлімдеді.