Gmail
From Wikipedia, the free encyclopedia
Gmail (Google Mail-ден қысқартылған, джи-мэ́л немесе гмэйл деп оқылады) — америкалық Google компаниясынан тегін электрондық пошта қызметі. Уеб-интерфейс және POP3, SMTP, IMAP протоколдары арқылы пошталық жәшікпен қолдануға мүмкіндік береді. 2012 жылдың 6 маусымындағы жағдайына сәйкес, әлем бойынша 425 миллион белсенді қолданушысымен Gmail ең кең тараған уеб-негізделген электронды пошта қызметі.[1][2]
Google Mail | |
URL | |
---|---|
Коммерциялық |
иә |
Сайттың түрі | |
Тіркелу |
міндетті |
Тіл(дер)і |
көп тілді |
Иесі | |
Авторы |
Пол Бакхайт |
Ашылған уақыты |
2004 жыл, 1 сәуір; 8 жыл бұрын |
Қазіргі статусы |
белсенді |
Бұл пошталық қызметтің қолданушылары үшін gmail.com доменінде пошталық адресі беріледі (username@gmail.com сияқты) және googlemail.com доменінде бүркеме ат беріледі (username@googlemail.com). Google Apps қолданушыларға пошталық адрес өз группаларындағы доменде беріледі. Google Apps кәсіптік пакет қолданушыларға электрондық поштаға 25 Гб кеңістік беріледі. Сервис пошта сақтау үшін 10 гигабайттан көп кеңістік береді, бұл сан 2005 жылдан бастап өсіп келеді, сол жылы сервиске бір жыл толып, кеңістік 1 Гб-тан Гб-қа өсті. 2012 жылдың 24 сәуірінде Google Drive пайда болысымен Google пошталық жәшіктің 7,5 Гб-тан 10 Гб өсетіні туралы жариялады.[3].
Gmail уеб-интерфейсі браузерлік скрипті программалау тілі JavaScript-те жасалған, бұл уеб-орта үшін әдеттегіден тыс мүмкіндіктер береді, мысалы командаларды пернетақтадан қабылдау, бетті қайта жүктеусіз жаңарту (AJAX технологиясы), адресаттардың жалбыраған тізімі және басқалар. HTML-де жасалған интерфейске көшуге болады, ол барлық браузерлермен қолданылады. Уеб-интерфейс жүктелгенде браузер нұсқасы тексеріледі, егер браузер JavaScript қолданатын барлық нұсқауларды қолданбаса, уеб-интерфейс автоматты түрде HTML-режимге ауыстырылып, қолданушы браузер бүкіл функцияларды қолдамайтыны туралы хабарланады.[4]