Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
From Wikipedia, the free encyclopedia
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ағылш. International university of information technology) — 2009 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтің және Carnegie Mellon ақпараттық технологиялар университетінің ынтымақтастығымен салынған.[1]
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті | |
Ұраны: | |
---|---|
қаз. Қазақстан интеллектуалды элитасы, орыс. Интеллектуальная элита Казахстана, |
|
Университет атауы | |
Халықаралық атауы | International university of information technology |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 2009 жылы |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Қазақстан, Алматы |
Мекенжайы | Алматы қаласы Манас 34a/Жандосов 8а |
Әкімшілік | |
Ректоры | Хикметов Аскар Кусупбекович |
Негізгі көрсеткіштер | |
Студенттер | 4000-нан асады |
Сайты | ХАТУ ресми сайты |
өңдеу |
Carnegie Mellon университеті алгоритмдер, компьютер желісі, үлестірімді есептеулер, бағдарламалау тілдері, робот техникасы, компьютерлік лингвистика, бағдарламалармен қамтамасыз ету бойынша мамандар даярлаудан әлемде жетекші орын алады. Осындай университет ашудың мақсаты Қазақстан ақпараттық технологиялар саласындағы, әлемге әйгілі мамандар әзірлеп шығару.
Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің ұйымдастырушылары «Зерде» Акционерлік Қоғамы мен Халықаралық Бизнес Университеті(UIB). Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің алғашқы ректоры - Шыныбеков Дамир Абдухалиевич болды. Оқу мерзімі - 4 жыл. Қазақ-ағылшын және орыс-ағылшын тілдерінде оқытылады. Университет Акционерлік Қоғам болғанымен студенттерді қабылдағанда Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесіне қарайды.