I Сәлім
From Wikipedia, the free encyclopedia
I Сәлім (осман. سليم اول — Selîm-i evvel; 10 қазан 1465 — 22 қыркүйек 1520) — Османлы мемлекетінің 9-шы сұлтаны (1512-1520), Ислам халифатының 74-ші халифі (1516-1520), ақын, қолбасшы.
I Сәлім осман. سليم اول — Selîm-i evvel Мүміндер әмірі Екі киелі қаланың қызметкері | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
25 сәуір 1512 — 21 қыркүйек 1520 | |||
(Лақап аты Жауыз I Сәлім) | |||
Ізашары | II Баязит | ||
Ізбасары | I Сүлеймен | ||
Мұрагері | Сүлеймен шаһзада | ||
| |||
29 тамыз 1516 — 21 қыркүйек 1520 | |||
Ізашары | III Мүтәуекел | ||
Ізбасары | I Сүлеймен | ||
| |||
1481 — 1510 | |||
Монарх | II Баязит | ||
Ізашары | Әбдулла шаһзада | ||
Өмірбаяны | |||
Мамандығы | Ақын, қолбасшы | ||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 10 қазан 1470 (1470-10-10) Амасья, Османлы мемлекеті | ||
Қайтыс болуы | 22 қыркүйек 1520 (1520-09-22) (49 жас) Шорлы, Османлы мемлекеті | ||
Жерленді | Жауыз Сәлім мазары, Ыстамбұл | ||
Династия | Османлы әулеті | ||
Әкесі | II Баязит | ||
Анасы | Гүлбаһар қатын | ||
Жұбайы | Айша Хафса сұлтан Айша қатын | ||
Балалары | Ұлдары: I Сүлеймен Уәйіс паша Орхан шаһзада Мұса шаһзада Қорқыт шаһзада Қыздары: Қадиша сұлтан Бейхан сұлтан Шаһ сұлтан Фатима сұлтан Хафиза сұлтан Хафса сұлтан Қатын сұлтан Шаһзада сұлтан Гауһархан сұлтан Жаңашаһ сұлтан | ||
Қолтаңбасы | |||
I Сәлім Ортаққорда | |||
өңдеу |
Османлы тарихындағы ең ұлы жаулаушылардың бірі болып саналады. Сонымен бірге ол өзінің қатігездігімен ерекшеленеді. Еуропа патшалары одан қорқып, онымен соғыс жүргізуден қашқақтайтын. Қол астындағы уәзірлері оның бір қарағанынан үрейленетін. Бірақ оның қатігездігі мемлекетке өте үлкен пайда әкелді: жаулаулар нәтижесінде жер ауданы екі жарым есеге ұлғайды (2 375 000 км²-ден 6 557 000 км²-ге дейін), ірі олжалар арқасында қазына толды, парсы елінен айдап әкелінген өнер адамдары Ыстанбұлға көшірілгеннен соң османлы өнері күрт дами бастады, Сәлім 1516 жылы "халиф" атағын алғаннан соң, Османлы мемлекеті халифат ретінде ислам әлемінде ең беделді елге айналды.