From Wikipedia, the free encyclopedia
Major League Soccer немесе MLS (ағылшын тілінен аударғанда: Басты футбол лигасы) — АҚШ-тың және Канаданың ең күшті футбол дивизионы. Біріншілікке 16 команда қатысады: 15 американдық команда, біреуі — канадалық.
Қазіргі чемпион (плей-офф жеңімпазы) — «Колорадо Рэпидз».
Ұдайы біріншілік наурыздың аяғында басталып, қазанда аяқталады. Лиганың барлық командалары Шығыс және Батыс конференцияларына бөлінген, әр конференцияда сегіз командадан бар. Әр клуб ұдайы біріншілікте 30 ойыннан өткізеді. Жеңіс үшін команда үш ұпай алады, тең нәтиже үшін — бір, жеңіліс үшін команда ұпай алмайды. Ұдайы біріншіліктің жеңімпазы MLS Supporters' Shieldпен марапатталады.
Футбол маусымы қарашада жалғасады, нәтижесінде MLS Кубогы өтеді, сонда нағыз чемпион анықталады.
Футбол лигасы 1993 жылдың 17 желтоқсанында құрылған. Бірінші чемпионат 1996 жылы өткізілген.
16 команданың ішінде сегізі регулярлық маусымның жеңімпазы болып аталған, тағы 8 команда Плей-оффта жеңген, 6 команда (Ди Си Юнайтед, Сан-Хосе Эрткуейкс, Лос-Анджелес Гэлакси, Чикаго Файр, Канзас-Сити Уизардс және Коламбус Крю) екеуінде де жеңімпаз болған:
Команда | MLS Кубогі | Жылдар | Регулярлық чемпионат | Жылдар |
---|---|---|---|---|
Ди Си Юнайтед | 4 | 1996, 1997, 1999, 2004 | 4 | 1997, 1999, 2006, 2007 |
Сан-Хосе Эрткуейкс | 2 | 2001, 2003 | 1 | 2005 |
Лос-Анджелес Гэлакси | 2 | 2002, 2005 | 3 | 1998, 2002, 2010 |
Хьюстон Динамо | 2 | 2006, 2007 | - | - |
Канзас-Сити Уизардс | 1 | 2000 | 1 | 2000 |
Чикаго Файр | 1 | 1998 | 1 | 2003 |
Коламбус Крю | 1 | 2008 | 3 | 2004, 2008, 2009 |
Майами Фьюжн | - | - | 1 | 2001 |
Тампа-Бэй Мьютини | - | - | 1 | 1996 |
Реал Солт-Лейк | 1 | 2009 | - | - |
Колорадо Рэпидз | 1 | 2010 | - | - |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.