Pioneer 10
From Wikipedia, the free encyclopedia
Pioneer 10 (Pioneer-F) — Астероидтер белдеуіне 1972 жылғы шілденің 15-інде еніп, оны кесіп өтіп, одан кейін Есекқырған (Юпитер) ғаламшарының қасынан 1973 жылғы желтоқсанның 3-інде ұшып өтіп, оның алғашқы тікелей фотосуреттерін жасаған алғашқы ғарыш аппараты. Ол 1972 жылғы наурыздың 2-сінде Канаверал мүйісіндегі 36А зымыран ұшыру кешенінен ұшырылған. Pioneer 10 аппараты қазіргі таңда Сұлусары («Альдебаран») жұлдызына қарай бағыт алып бара жатыр.
Pioneer 10 | |
---|---|
Аппараттың Есекқырғанға жақындауы (суретшінің қиялы бойынша) | |
Ұйымы | Еймс зерттеу орталығы — NASA |
Тапсырысы | Қасынан ұшып өту, терең ғарышқа бет алу |
Ұшып өтуі | Есекқырған, Күн жүйесінен тыс |
Ұшыру күн-айы | 1972 ж. наурыздың 3 01:49:00 (бүкілдүниежүзілік уақыт) |
Сөре көлігі | Atlas/Centaur/TE364-4 |
Массасы | 258 kg |
Кейбір анықтамалар бойынша Pioneer 10 аппараты Күн жүйесін тастап шыққан алғашқы жасанды зат болып табылады. Күн жүйесінің сыртына қарай бағыт алған ең алғашқы жасанды зат та сол. Бірақ ол әлі де гелиопаузаны немесе Оорт бұлтын әлі кесіп өткен жоқ.
Оны мақсаттары мыналарды зерттеу болатын: ғаламшараралық және ғаламшарлық магниттік өрістерді, «Күн желінің» сипаттамаларын, ғарыш сәулелерін, гелиосферадағы өтпелі аймақты, бейтарап сутегі молшылығын, шаң-тозаң бөлшектерінің таралымын, өлшемдерін, салмағын, ағындарын және жылдамдықтарын, Есекқырғанның шұғылаларын, Есекқырғанның радиотолқындарын, атмосферасын және оның кейбір серіктерін, әсіресе Ионы, Есекқырғанды және оның серіктерінің фотосуреттерін жасап, Жерге жіберу.