![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/dd/Queen_Mary_II_Einlaufen_Hamburg_Hafengeburtstag_2006_-2.jpg/640px-Queen_Mary_II_Einlaufen_Hamburg_Hafengeburtstag_2006_-2.jpg&w=640&q=50)
Queen Mary 2
From Wikipedia, the free encyclopedia
RMS Queen Mary 2 (қаз. «Мэри Патшайым 2») — әлемдегі алып лайнерлердің бірі. Францияның Сен-Назер верфінде соғылып, 2003 жылы қолданысқа берілді. Queen Mary 2 атақты «Титаниктен» 76 метр ұзын. Лайнер «Cunard Line» Британ кеме соғу компаниясының меншігі. 2003 жылы қолданысқа берілгенінде Queen Mary 2 әлемде теңдесі жоқ ең алып лайнер болған. Ол өзінің статусын ұзақ ұстай алмады. 2006 жылы Royal Caribbean International-дің 154,407 тонналық «Freedom of the Seas» лайнерін, кейіннен 2009 жылы 225,282 тонна құрайтын «Oasis of the Seas» лайнерін қолданысқа береді. Бірақ та Queen Mary 2 әлемде теңдесі жоқ кеме болып саналады.
«Куин Мэри 2» | |
Queen Mary 2 | |
![]() | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Түрі |
Лайнер |
Мемлекет | |
Тіркелген айлақ |
Саутгемтон (2003 — 2011 қараша) |
ИМО нөмірі |
9241061 |
Қысқаша атауы |
GBQM |
Операторы |
Cunard Line |
Иемденуші |
Carnival Corporation & plc |
Соғушы |
Chantiers de l'Atlantique, STX Europe, Сен-Назер, Франция |
Суға түсірілді | |
Қолданысқа берілді |
2003 |
Қазіргі уақытта |
Қолданыста |
Сипаттамасы | |
Су ығыстырымы |
148 258 т |
Ұзындығы |
345,00 м |
Ені |
41,00 м |
Биіктігі |
72 м (кильден бастап құбырдың басына шейін) |
Орташа шөгуі |
10,00 м |
Техникалық сипаттамасы | |
Қозғалтқыштар |
Қуаттылығы 21,5 МВт-тық төрт қозғалмалы электр қозғалтқыш |
Винттердің саны |
4 |
Қуаттылығы |
157 000 а.к. |
Жылдамдығы |
30 түйін |
Экипаж саны |
1 245 |
Жолаушылар сыйымдылығы |
2 620 |
Лайнердің аты «Queen Mary» лайнердің құрметіне қойылған. Ал ол өз кезегінде Ұлыбритания патшасы Георг V-нің жұбайы Мария Тектің құрметіне қойылған болатын.