Абразия (геология)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Абразия (геология)
Remove ads

Абразия (латынша: abrasіo -қыру, жону) — мұхиттардың, теңіздердің, көлдердің, өзге де су қоймаларын жағалауларындағы түп жыныстардың толқын мен ағын әсерінен механикалық бұзылуы мен мүжілуі. Әсіресе теңіз (мұхит) жағалауларының соқпа толқындар әсерінен абразияға ұшырауы жиі кездеседі. Түп жыныстардың мүжілуі толқын күшінен ғана емес, сол толқын қозғалтқан тастар мен құм түйіршіктерінің соққылауы салдарынан да болады. Абразияға теңіз (мұхит) қайраңы да ұшырайды, алайда қайраңдағы абразия жағалаулық абразияға қарағанда бәсеңдеу жүреді. Теңіздер мен көлдердегі қайраңдық абразия ондаған метр тереңдікке дейін байқалса, мұхиттарда бұл процесс 100 метрден астам тереңдіктердегі белдемдерде болады. Абразия түсінігін геологиядағы шайылу ұғымымен шатастырмау керек, себебі шайылу барысында түп жыныстар емес, тек борпылдақ, болбыр жыныстар бұзылуға ұшырайды.[1]

Thumb
"Абразия"
Thumb
"Абразия"

Абразия — жай толқындар мен соқпа толқындардың әсерінен мұхит, теңіз, көл және бөген жағаларының жеміріліп жырмалануы. Абразия су қоймаларда ондаған метр, мұхиттарда 100 м және одан да көп терендікке дейін тарайды. Абразияның әсерінен абразиялық жағаның әр түрлі пішіндері пайда болады.[2]

Remove ads

Абразия түрлері

Өзеннің эрозиялық жұмысында абразия маңызды рөл атқарады. Абразияның механикалық, термиялық және химиялық түрлері бар.

Қарапайым соқпа толқындардың әсерінен өзен, көл, теңіз жағаларының бұзылуын механикалық абразия дейді. Бұл үдеріс толқынның шарпуы мен шегінуінен пайда болады.Толқын жағаға жақындағанда жылдамдығы азайып,биіктейді, жағадан асып кері қайтқанда гидравликалық күшпен жағаны шаяды. Толқын күшінің мықтылығы соншалық кейде ондаған тонна кесек тау жыныстарын бұзып түседі. Абразияда механикалық түрі негізгі болып есептеледі, ал термиялық пен химиялық абразия кейде механикалықпен бірге қабаттасып жүреді. Егер жаға жиегі еритін, әсіресе гипсті-карбонатты жыныстардан тұрса, онда судың соқтығысуынан олар ериді. Осы кезде химиялық абразия жүреді. Жағалаулардағы тоң мұздарды теңіз сулары еріткен кезде, тау жыныстарының бұзылуынан термиялық абразия жүреді.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads