Абыралы ауданы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Абыралы ауданы — 1928-1955 және 1990-1997 жылдары болған Қарқаралы округі, Шығыс Қазақстан және Семей облыстары құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік[1]. Орталығы — Қайнар ауылы.

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...
Remove ads

Тарихы

Абыралы ауданы 1928 жылы Қарқаралы округінің құрамында құрылды. 1930 жылдан - Қазақ АКСР-іне тікелей бағыныста, 1932 жылдан — Шығыс Қазақстан облысының құрамында.

1939 жылы 14 қыркүйекте Абыралы ауданы Семей облысының құрамына енді. Сонымен бірге оның құрамына Алғабас, Дегелең, Қараөлең, Көкшетау, Қоныстан, Сарыапан, Тайлан, Таңат, Татан, Ұзынбұлақ және Шаған ауылдық кеңестері кірді.

1954 жылы Сарыапан ауылдық кеңесі Алғабасқа, Таңат Шағанға, Татан Көкшетауға қосылды. Қоныстан, Дегелең, Тайлан және Ұзынбұлақ ауылдық кеңестері жойылды.

1955 жылы 22 қаңтарда Абыралы ауданы таратылды. Сол уақытта Қараөлең мен Шаған ауылдық кеңестері Семей облысының Абай ауданына, Алғабас ауылдық кеңесі — Қарағанды облысының Қу ауданына, Көкшетау ауылдық кеңесі — Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына өтті.

1990 жылы 15 желтоқсанда Абыралы ауданы қалпына келтірілді. Оның құрамына Семей облысы Абай ауданының Абыралы, Ақбұлақ, Қараөлең, Сарғалдақ ауылдық кеңестері және Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданының Алғабас ауылдық кеңесі кірді. Бұрын аудан аумағына кірген Ақтайлақ, Томар ауылдық кеңестерінің аумағы Қарқаралы ауданының құрамында қалды. Кейін Сарғалдақ ауылдық кеңесі Абай ауданының құрамына қайтарылды.

1991 жылы Айнабұлақ және Социалистік Қазақстан ауылдық кеңестері құрылды.

1994 жылы Социалистік Қазақстан ауылдық кеңесі Таңат ауылдық кеңесі болып өзгертілді.

1997 жылы 3 мамырда Семей облысының таратылуына байланысты Абыралы ауданы Шығыс Қазақстан облысына берілді.

1997 жылы 23 мамырда Абыралы ауданы жойылып, оның аумағы Семей қаласының қарамағына өтті.

Remove ads

Әкімшілік бөлінісі

Таратылар алдында ауданның 6 ауылдық округі болған:

More information Әкімшілік бірлік, Орталығы ...
Remove ads

Халқы

More information 1939[2] ...

Әдебиет

  • Семей облысының әкімшілік-аумақтық құрылымының тарихы туралы анықтамалық. — Семей, 2006.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads