Өрістілік

From Wikipedia, the free encyclopedia

Өрістілік
Remove ads

Өрістілік, перспектива (фр. реrsресtivе - анық көріп тұрмын) немесе Аксонометрия ( гр. axon — ось және metreo — өлшеймін ) - кеңістіктегі көлемді денелерді бейнелейтін әрі олардың кеңістіктегі құрылымын ескере отырыи орталық жобалау өзгерістеріне негіздейтін тәсіл. Өрістілік Ежелгі Египет (Мысыр) пен Грекияда пайда болды. Кейіннен Қайта өркендеу дәуірінің суретшілері Пьеро делла Франческа, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, т.б. еңбектерінде өрістілік жүйесі дами түсті.[1]

Thumb
Аксонометрия

Аксонометрия — тікбұрышты координаталар жүйесімен байланыстырьшған бұйымның жазықтықтағы кескіні. Аксонометрияда бұйыммен бірге координаталар жүйесі де кескінделеді. Аксонометрияны тұрғызу үшін бұйым координаталық жазықтықтардың біреуіне тікбұрыштап проекцияланады. Одан кейін бұйымның, оның тікбұрышты проекциясының және координаталар жүйесінің аксонометриялық проекциялар жазыктығындағы проекциялары салынады. Сондықтан аксонометрияны аксонометриялық проекциялар дейді. Бұйымның аксонометриясына түсіну, оның өзара перпендикуляр жазықтықтардағы проекцияларынан тұратын сызбасына Караганда, оңай. Осыған байланысты Аксонометрияны көрнекі кескіндер қатарына жатқызады. Аксонометрияны қиғашбұрышты, параллель, стандарт, тікбұрышты және центрлік деп ажыратады.[2]

Аксонометрия- параллельді проекциялау аркылы елшемдерді проекция естерінің бағытымен белгілі бір шамаға өзгерте отырып заттардың бейнесін сызып көрсету әдісі.[3]

Remove ads

Дереккөздер

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads