Алабама
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Алабама (ағылш. Alabama /æləbæmə/) — штат, Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-шығысында орналасқан. Штат солтүстігінде Теннесси штатымен, шығысында Джорджия штатымен, оңтүстігінде Флорида штатымен және Мексика шығанағымен және батысында Миссисиппи штатымен шекараласады. АҚШ штаттарының ішінде Алабама жер көлемі бойынша 30-орынға кіреді және ішкі сулар жолы ұзындығы бойынша екінші орында[1]. Штаттың ауданы 135 765 км². Алабама штаты АҚШ штаттарының халық саны бойынша 23-орын иеленеді — тұрғыны 2011 жылғы жағдаймен 4 802 740 адамға жеткен.
Штата астанасы — Монтгомери қаласы (1861-65 жылдардағы АҚШ-тың азаматтық соғысы уақытында Монтгомери 1861 жылы 4 ақпан-нан 29 мамыр аралығында бүлікші штаттардың астанасы болды). Ірі қалалары — Бирмингем, Мобил, Хантсвилль. Штат мәртебесін 1819 жылы алды (22-штат). Ресми лақап аты — «Оңтүстіктің жүрегі».
Remove ads
Географиясы

Алабама жер аумағы 135 765 км². Мехсика шығанағы жағасында орналасқан және штатта Миссисири өзені ағып өтеді. Штаттың солтүстік-шығысында Аппалач тауылары алып жатыр, онда штаттың ең биік нүктесі — Чиха тауы (теңіз деңгейінен 735 м жоғары) орналасқан. Штаттың 67 %-ке жуық территориясын орман алып жатыр. Штат территориясында АҚШ-тың тағы бір әдемі өзен — Кахаба өзені ағып өтеді.
Remove ads
Климаты
Климат Алабама климаты мұхиттық суптропиктік, орташа жылдық температурасы районның үлкен бөлігінде 18 °С-қа жуық. Қысы әжептәуір жұмсақ, қаңтар айының орташа температурасы Мобилде 4 °С-тан Монтгомериде 0 °С-қа дейін өзгереді. Жазы өте ыстық, жаздың орташа температурасы жекелеген өңірлерде 32 °С-қа дейін көтеріледі. Алабамада қар сирек жауады, тек қана солтүстіктегі Монтгомериде қыста бірнеше рет жауады. Штаттың барлық территориясыда жауын-шашын мол түседі. Жауын-шашын ның жылдық деңгейі 1400 мм шамасында. Алабама Мехсика шығанағының тропикалық циклон және дауыл зонасы әсерінде орналасқан. Канзаспен бірдей елдің басқа штаттарындағы ең күшті F5 санатты торнадо Алабамада байқалады.
Remove ads
Демографиясы

АҚШ халық санағы бюросының дерегі бойынша 2011 жылдың 1 маусымында Алабама халқы 4 802 740 адам; 2010 жылғы санақпен салыстырғанда 0,48 %-ке өскен.[2] 2010 жылғы мәлімет бойынша штаттың халқының 18 жасқа дейінгі үлесі 25,3 %; 65 жастан жоғарғылар үлесі — 13 %. Әйелдер үлесі — 51,7 %; еркектер — 48,3 %.
2010 жылғы санақ бойынша штаттың нәсілдік үлесі келесідей: ақ нәсіл (68,5 %), афроамерикандықтар (26,2 %), байырғы америкалықтар — үндістер (0,6 %), азиялықтар (1,1 %), гавайлықтар және мұхиттық аралдардың байырғы халықтары (0,1 %), басқа нәсілдер (2 %), екі және одан көп нәсілділер немесе аралас нәсілдер — мулаттар, метистер (1,5 %). Ақ нәсілді халықтар негізгі рөлде ағылшын, ирланд және неміс тектілер. 2000 жылдағы санақ бойынша Алабама халқының 96,7 %-і ағылшын тілінде сөйлейді, 2,2 % — испанша; 0,4 % — немісше; 0,3 % — французша (француз креольшасын қоса алқанда) және 0,1 %-ке жуығы — қытайша сөйлейді. 108,000 адам штат аумағынан шетте туғандар (штат халқының 2.4%-і), олардың жуық шамамен 22.2%-і заңсыз иммигранттар (24,000).
Спорты
Remove ads
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads