Алматы декларациясы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Алматы декларациясы
Remove ads

Алматы декларациясы немесе Алматы келісімі (орыс. Алма-Атинская декларация) — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) нысандары мен принциптерін қабылдаған декларация. Оның нәтижесінде КСРО ыдырауы өз мәресіне жетті де, ТМД құрамына Ресей, Беларусь пен Украинадан басқа тағы 8 тәуелсіз мемлекет қосылды.

Quick facts Қол қойылды, Қол қойылған жер ...

Алматы келісімінен бұрын 1991 жылдың 8 желтоқсанында Ресей, Украина және Беларусь басшылары Кеңес Одағын таратып, ТМД-ны құру туралы Беловеж келісімінде келіскен еді. 1991 жылы 21 желтоқсанда Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина басшылары Алматыда кездесті де, Алматы декларациясы атауын алған келісімге өз қолдарын қойған. Сол күні Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина арасында «Ядролық қаруға қатысты өзара шаралар туралы» аталған жеке шартқа да қол қойылған еді. Оның нәтижесінде сол елдердің ядролық қарулары Ресейге берілді.

Посткеңестік республикалар арасында қатыспай қалған тек Грузия (ол ТМД құрамына кейін кірді), Литва, Латвия және Эстония еді. Балтық теңізі маңындағы үш мемлекет қол қоюдан және ТМД құрамына кіруден мүлдем бас тартты, олар өздерінің елдері КСРО құрамына заңсыз енгізілді деп санайды.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads