Алье
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Алье (фр. Allier) — Францияның орталық бөлігінің оңтүстігіндегі департамент, Овернь аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 3. Әкімшілік орталығы — Мулен. Халық саны 343046 адам (департаменттер арасында 63-шы орын, 2009 ж.).
Remove ads
Атауы
Департамент өзінің атауы Алье өзеніне қатысты қойылған. Бұл өзен Алье аумағын басып өтеді.
Географиясы
Алье департаменті Овернь аймағының құрамына кіреді және Шер, Ньевр, Сона және Луара, Луара, Пюи-де-Дом, Крёз департаменттерімен шекаралас. Жер аумағы 7340 км².
Департамент аймағын келесі өзендер кесіп өтеді. Батысында — Шер, орталығында — Алье және оның тармағы Сиуль, шығысында — Луара и оның тармағы Бебр.
Департамент 3 округ, 35 кантон және 320 коммунаны қосады.
Тарихы
Департамент тарихының көп бөлігін Бурбон герцогствасы алады, себебі Алье байырғы Бурбон герцогствасының территориясында орын тепкен.
Алье департаменті 1790 жылы 4 наурызда Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған департаменттерінің бірі.
Экономикасы
Департаменттің басты шаруашылықтарына орман өнеркәсібі, азық-түлік секторы, химия өндірісі, металлургия, каучук, машинажасау және электротехника, бальнеология жатады.
Туризм
Дереккөздер
Тағы қараңыз
- Франция департаменттері
- Алье департаментінің коммуналары
- Алье департаментінің кантондары
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads