Алюминий оксиді

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Алюминий оксиді , глинозем, Al2O3 – алюминийдің оттекпен қосылысы. Ол түссіз, суда ерімейтін кристалдық зат, тығыздығы 3,96 г/см3, балқу t 2050°С. Табиғатта жақұт (корунд), лағыл (рубин), көк жақұт (сапфир) деп аталатын минерал түрінде кездеседі. Корунд – қаттылығы бойынша алмастан кейінгі екінші минерал. Лағыл мен сапфир асыл тастар қатарына жатады. Олар дәл кескіш аспаптарда, т.б. қолданылады. Алюминий оксидінің гидратталған түрі белгілі. Алюминий гидроксидіне көптеген бокситтердің құрамына енетін гидраргиллит және жасанды түрде алынатын байерит жатады. Алюминий оксиді боксит, нефелин, каолин, алунит сияқты табиғи заттардан алынады. Ол алюминий өндіруге, сондай-ақ катализатор және адсорбент ретінде қолданылады.[1]

Remove ads

Сілтеме

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads