Аммофос
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Аммофос, NH4H2PO4 – ақшыл сұр түсті тыңайтқыш. Түйіршікті құрамында 11 – 12% азот, 46–50% фосфор ангидриді бар, суда ериді, ауадағы ылғалды сіңірмейтін тыңайтқыш. Аммофос аммиакты ортофосфор қышқылымен бейтараптау арқылы алынады. Онда өсімдікке зиянды әсер ететін қоспа кездеспейді. Өсімдік Аммофос құрамындағы NH4+ пен Н2РО4– иондарын жақсы сіңіреді. Тәлімі жерлерде астық дақылына сүдігер өңдеу кезінде, тұқым сепкенде, суғармалы аймақты тыңайтуға, үстеп қоректендіруге қолданылады. Құрамында фосфор ангидридінің үлесі көп (1:4) болғандықтан азот тыңайтқышымен бірге пайдалану оның тиімділігін арттырады.[1]
Remove ads
Сілтеме
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads