Андре Силва
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Андре Мигел Валенте да Силва (порт. André Miguel Valente da Silva; 6 қараша 1995 жыл[2], Багин-ду-Монте, Португалия) — португалиялық футболшы, Португалия Ұлттық футбол құрамасы мен "Милан" клубының шабуылшысы. 2017 жылы Конфедерациялар кубогына, 2018 жылы әлем чемпионатына қатысты.
Remove ads
Карьерасы
Карьерасын 2012 жылы "Портуда" бастады. 2013 жылы 12 тамызда "Бейра Марға" қарсы чемпионат ойынында тұңғыш рет алаңға шықты.
2012 жылы маусым айында "Миланмен" келісім шарт жасасты. 17 тамызда УЕФА Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде "Шкендия" қақпасына "Милан" сапындағы тұңғыш голын соқты.
2018/19 жылғы маусымды "Севильяда" арендада өткізді. Испания чемпионатындағы тұңғыш ойынын "Райо Вальеканоға" қарсы өткізіп, хет-трик жасады. Осылайша Испания чемпионатында 21 ғасырда дебютін хет-трикпен бастаған тұңғыш футболшы атанды.
2019 жылы қыркүйекте "Айнтрахтқа" жалға берілді.
Remove ads
Португалияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады.
2016 жылы 1 қыркүйекте Гибралтарға қарсы жолдастық кездесуде Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын өткізді. 7 қазанда тұңғыш голын ӘЧ-2018 іріктеуінде Андорра қақпасына соқты.
Дереккөздер
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads