Анизотропия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Анизотроптық (көне грекше: ἄνισος — тең емес и τρόπος — қасиет) — дененің барлық немесе бірқатар физикалық қасиеттерінің әр бағытта әр түрлі болуы. Бір текті қасиеті бар заттың бір бағыттағы барлық нүктелерінің физикалық қасиеттері бірдей болады. Мысалы, кристалдық денелердің жылулық ұлғаю коэффициенті, механикалық, электрлік және оптикалық қасиеттері әр бағытта әр түрлі болғанымен, белгілі бір осьтің бойында тұрақты келеді. Бір жақты пішінсіздену салдарынан (созу, сығу, ығыстыру т.б.) заттың жеке бөліктерінде анизотроптық қасиет пайда болады. Кейде бір заттың өзі бір физикалық шамаға қатысты изотроптық, ал екіншісіне қатысты анизотроптық қасиет көрсетеді. Мысалы, кубтық жүйедегі кристалдардың барлық бағытындағы сыну көрсеткіші бірдей, ал қырларының өсу жылдамдығы әр түрлі болады. Кристалдардың бойлас бағыттарда ұқсас қасиеттерді, ал өзге бағыттарда мүлдем өзгеше қасиеттерді иемдену қабілеті. [1] Анизотропия — таужыныстар мен минералдардың физикалық қасиеттерді әр түрлі бағытта түрліше иемденуі[2]; бір өсімдіктің әртүрлі мүшелерінің сыртқы орта факторлары бірдей әсер еткенде олардың кеңістікте әрқилы бағытта болуы. Мысалы: өркеннің ұшы жарыққа бағытталып, ал жапырақтары сәуле бағытына перпендикуляр орналасады.[3]
Қат-қабат тау жыныстардың немесе құрылымы әркелкі болып келетін таужыныстардың көршілес қабаттары не олардың минерал түйіршіктері әр түрлі физикалық қасиеттермен сипатталған жағдайда, мұндай таужыныстар анизотропия заңдылығына тәуелді.Бұл қасиет таужынысқұрушы минералдардың кристалдық торлары ерекшеліктерінен туындайды.[4]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads