Анна (Ұлыбритания патшайымы)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Анна (Ұлыбритания патшайымы)
Remove ads

Анна (ағылш. Anne 6 ақпан 16651 тамыз 1714)[1]8 наурыз 1702 жылы Англия, Шотландия және Ирландия патшайымы ретінде таққа отырады. 1707 жылдың 1 мамырында Бірігу актісіне сәйкес Аннаның екі аймағы, Англия және Шотландия, Ұлыбритания патшалығына біріктіріледі. Өмірінің соңына дейін Ұлыбритания және Ирландия патшайымы болып өтеді. Ағылшын тағындағы Стюарттар әулетінің соңғы өкілі.

Quick facts Лауазымы, 8 наурыз 1702 – 1 мамыр 1707 ...

Анна өзінің заңды бала-шағасы болмаған ағасы ІІ Карлдің басқару кезеңінде туған. Оның әкесі Яков бірінші мұрагер болған, бірақ католик болғандықтан халық арасында әйгілі болмады. Анна мен оның сіңлісі Мария мұрагерлікте екінші бола тұра, ІІ Карлдің бұйрығымен протестантизмде тәрбиеленеді. Ағасы өмірден озған соң таққа әкесі отырады, бірақ, үш жылдан соң - 1688 жылы - революция кезеңінде тақтан тайдырылады. Аннаның інісі мен Мария, Яковтың екінші некесінен туған католик - Джеймс Френсис Эдуард және оның ұрпақтары мұрагерліктен алынып тасталынды.Содан таққа Яковтың үлкен қызы — ІІ Мария патшайым, оның күйеуі және бөлесі, протестант Вильгельм ІІІ Орандық отырып, елді бірге басқарады.

Апалы-сіңлілер қаншалықты жақын болғанымен, Мария таққа отырған соң олардың арасында Аннаның қаражат жағдайына байланысты түсініспеушіліктер пайда бола бастады, сөйтіп олар бір-бірінен алыстап кетті. Вильгельм мен Марияның балалары болмады, сондықтан, 1694 жылы Мария өмірден озған соң Вильгельм елді өзі басқарды. 1702 жылы оның өлімінен кейін Анна таққа келді.

Ол денсаулығына байланысты біраз қиналды. Әсіресе 30 жастан кейін ақсаңдап, толыса бастады. Анна Даниялық Георгпен некесіне және 17 рет екіқабат болғанына қарамастан, артына мұрагер тастамай өмірден өтті және Стюарттар әулетіндегі ең соңғы монарх болып есептеледі. Аннадан кейін таққа І Георг отырады.

Remove ads

ІІ Карл кезеңінде

Алғашқы жылдары

Thumb
Анна ортасында бейнеленген, сіңлісі Мария сол жағында. Суретті салған Питер Лели и Кіші Бенедетто Дженнари.1668-85 жылдар шамасы

Анна ханшайым Лондонда Сент-Джеймсс сарайында 1665 жылы 6 ақпанда кешкі 11:39-да дүниеге келді. Ол ІІ Яков пен оның бірінші әйелі Анна Хайдтың төртінші баласы, екінші қызы[2]. Аннаның сегіз бауыры болған, бірақ Мария екеуі ғана ересек жасқа дейін өмір сүрген[3].

Remove ads

Генеологиялық ағаш

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Яков I & VI
1566–1625
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Эдуард Хайд
1609–1674
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Карл I
1600–1649
 
 
 
 
 
Елизавета
1596–1662
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Лоуренс Хайд
1641–1711
 
Анна Хайд
1637–1671
 
Яков II & VII
1633–1701
 
Мария Моденская
1658–1718
 
Мария
1631–1660
 
Карл II
1630–1685
 
София
1630–1714
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Джеймс Фрэнсис Эдуард
1688–1766
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Анна
1665–1714
 
Мария II
1662–1694
 
 
 
 
 
Вильгельм III & II
1650–1702
 
 
 
 
 
Георг I
1660–1727
 
 
 
 
 
 
 

Дереккөздер

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads