Антони Марсьяль

From Wikipedia, the free encyclopedia

Антони Марсьяль
Remove ads

Антони Жоран Марсьяль (фр. Anthony Joran Martial; 5 желтоқсан 1995, Эсон, Франция) — франциялық футболшы, тегі мартиникалық, Франция Ұлттық футбол құрамасы мен "Манчестер Юнайтед" клубының жартылай қорғаушысы. Қазіргі кезде испандық "Севилья" клубында жалда өнер көрсетеді.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Remove ads

Карьерасы

Клубтық

2009 жылы "Лион" селекционерерінің көзіне түсіп, мектебіне қабылданды. Төрт жылдан соң, 18 жасында Францияның бірінші лигасындағы тұңғыш ойынын "Аяччоға" қарсы өткізді (3 ақпан күні). 79 минутта алжирлік Рашид Геззальдың орнына шықты. Бірақ Лисандро Лопес, Александр Ляказетт, Бафетимби Гомис секілді футболшылардан негізгі құрамда бұған орын тимей, қосалқы құрамда қалды. 2012/13 жылғы маусымда бар-жоғы 3 рет қана алаңға шықты. 2013 жылы жазда "Монакоға" ауысты. Сол жылы қараша айында тұңғыш рет "Монако" сапында алаңға шықты.

2015 жылы маусым айында "Монакомен" келісім шартын 2019 жылға дейін ұзартты, бірақ сол жылы жаздың ең соңғы күндерінде "Манчестер Юнайтедке" ауысты. 2015/16 жылғы маусым қорытындысында манчестерліктер сапындағы ең үздік мерген атанды, барлық турнирлерде 17 гол соқты.

2016/17 жылғы маусым басында 9 номерді Златан Ибрагимович алды да, Антони 11 номерге ауысты.

Remove ads

Ұлттық құрамада

Францияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады.

Ұлттық құрамада тұңғыш рет 2015 жылы 4 қыркүйекте алаңға шықты. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Командалық

Манчестер Юнайтед
  • Англия кубогы: 2016
  • Лига кубогы: 2017
  • Англия суперкубогы: 2016
  • УЕФА Еуропа лигасы: 2017
Франция-19
  • Европаның вице чемпионы: 2013
Франция
  • ЕУРО-2016 күміс жүлдегері: 2016

Жеке

  • Golden Bo сыйлығының иегері: 2015
  • Премьер-лиганың үздік ойыншысы: қыркүйек 2015

Дереккөздер

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads