Арахнология
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Арахнология (грек. aráchnē – өрмекші, logos – ілім), өрмекшітану – зоология ғылымының өрмекші тәрізділерді зерттейтін саласы.
Ол өрмекшітәрізділердің анатомия, морфология құрылымын, түр құрамын, жекеше дамуын, шығу тегін, физиология және экология ерекшеліктерін, сондай-ақ табиғаттағы орнын анықтайды. Қазақстанда Арахнология саласы бойынша жүйелі ғылыми-зерттеу 1930 жылдан басталды. Оның дамуына П.И.Мариковский, Н.Ж.Ашықбаев, Ш.К.Тарабаев, т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. Арахнология жануарлар дүниесінің, оның ішінде буынаяқтылардың даму тарихын білуде маңызды рөл атқарады.

Арахнология көптеген ғылым салаларымен (медицина, ауыл шаруашылық, мал дәрігерлігі, т.б.) тығыз байланыста дамиды. [1]
Remove ads
Сілтемелер
Сыртқы сілтемелер
- Значение слова "Арахнология" в Большой Советской Энциклопедии Мұрағатталған 8 шілденің 2010 жылы.
- Арахнолог(қолжетпейтін сілтеме)
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads