Аризона
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Аризона (ағылш. Arizona, ([ɛrɪˈzoʊnə]; [ærɪˈzoʊnə]; навахо Hoozdo Hahoodzo) — Америка Құрама Штаттарының 48- штаты. Елдің оңтүстік-батысында орналасқан. Ютмен, Колорадо және Нью-Мексикомен бірге «төрт бұрыш штаттары» санына кіреді . Штаттың астанасы және ірі қаласы — Финикс (Phoenix). Население штата в 2011 жылғы жағдаймен штаттың халқы 6 482 505 тұрғын — бұл көрсеткішпен Аризона АҚШ-та 16-орында. Аризонаның климаты қысы ерекше жұмсақ және жылдың жазғы уақытында жоғары температуралы.
Remove ads
Халқы

АҚШ халық санағы бюросының дерегі бойынша 2011 жылдың 1 маусымында Аризона халқы 6 482 505 адам; 2010 жылғы санақпен салыстырғанда 1,42 %-ке өскен.[2]. Финикс метрополисінің халық саны 1991 ден 2001 жылға дейін 45,3 % өскен, Аризона 90-жылдарда халықы ең жоғары өскен екінші штат болып саналды (Невада штаты бірінші болды).[3]. Қазіргі уақытта Финикса метрополисі халық саны 4,3 млн адамнан асқан. Аризонаның 58 %-ке жуық халқы 100 мың адамнан көп тұратын қалаларда өмір сүреді (елдің барлық штаттарының арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш).
2010 жылғы санақ бойынша штаттың нәсілдік үлесі келесідей: ақ нәсіл (73 %), афроамерикандықтар (4,1 %), байырғы америкалықтар (4,6 %), азиялықтар (2,8 %), гавайлықтар және мұхиттық аралдардың байырғы халықтары (0,2 %), басқа нәсіл өкілдері (11,9 %), екі және одан көп нәсілділер немесе аралас нәсілдер — мулаттар, метистер (3,4 %)[4]. 2009 жылғы дерек бойынша Аризона халқының шығу тегі: мексикандықтар (27,4 %), немістер (16 %), ирландықтар (10,8 %), ағылшындар (10,1 %), итальяндар (4,6 %)[5]. Аризонада үндіс тілімен сөйлейтін адам саны бойынша барлық 48 континентальды штаттар арасында арасында ең көп штат болып есептеледі. 85 мыңға жуық адам навахо тіліде сөйлейді және 10,4 мың адам батыс-апач тілінде сөйлейді. Аризоналық Апач округында үндіс тілін сақтаушылар АҚШ бойынша ең көп шоғырланған[6] 2010 жылы штатты құпия қоныстанушылар 7,9 % болды (екінші елдегі ең жоғары көрсеткіш)[7].
2005—2007 жылдары штаттың халқының 72,1 % үйде тек қана ағылшынша; 21,7 % — испанша сөйлескен .
Халық санының динамикасы:
- 1950: 749 587 адам
- 1960: 1 302 161 адам
- 1970: 1 745 944 адам
- 1980: 2 718 215 адам
- 1990: 3 665 228 адам
- 2000: 5 130 632 адам
- 2010: 6 392 017 адам[8]
Халықтың дін тұтынушылар құрамы:
- католиктер — 29 %
- дінсіздер атейстер — 17 %
- евангель христиандары — 10 %
- баптисттер — 8 %
- мормондар — 6 %
- методисттер — 5 %
- қалғаны — 25 %[9]
Аризонада 50 мыңға дейін орыстілді тұрғындар өмір сүреді[10].
Remove ads
Географиясы



Аризона АҚШ-тың оңтүстік -батысында орналасқан, батысында Калифорниямен және Невадамен, солтүстігінде — Ютамен, солтүстік-шығысында — Колорадомен, шығысында — Нью-Мексико, оңтүстігінде — Мексикамен шекараласады. Штаттың территориясының аумағы 295 254 км² (елдің штаттарының ішінде 6-орында).
Штат территориясының едәуір бөлігін тау, үстірт және шөл алып жатыр. Аризонада орасан зор сары қарағайлы массиві орналасқан. Штаттың солтүстігінде Колородо өзені және ондағы Үлкен каньон орналасқан. Юго-западную часть Аризоны оңтүстік-батыс жағында Сонара шөлі, Финикс, Тусон және Юма қалалары орналасқан.
Remove ads
Графтықтары ағылш. Counties
Аризона графтықтарға бөлінеді. 1983 жылы штат 15 графтықа бөлінген.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads