Ариэль Ортега
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Ариэль Арнальдо Ортега (ис. Ariel Arnaldo Ortega; 4 наурыз 1974[1], Ледесма, Жужуй) — аргентиналық футболшы, шабуылшы. Жартылай қорғаныста да ойнаған. Аргентина Ұлттық футбол құрамасы сапында 87 кездесуде алаңға шығып, 17 голдың авторы атанды. Соның екеуін 1998 жылғы әлем чемпионатында Ямайка қақпасына соқты. «Ривер Плейт» клубының тәрбиеленушісі. Еуропалық клубтарда (Парма, Валенсия, Сампдория) бірнеше жыл өткізгеннен кейін Ортега 2004 жылы Аргентинаға оралды, алдымен Ньюеллс Олд Бойзда ойнады, ал 2006 жылы Риверге оралды. 2008 жылғы Клаусураның жеребе тарту рәсімі кезінде Ортега команданың жаңа бапкері Диего Симеонемен қиындықтарға тап болды. Бұл, негізінен, Ортеганың алкогольге тәуелділігіне байланысты режимнің бұзылуына қатысты. 33-ші лига чемпионы атағын жеңіп алғанына қарамастан, Ортега 2008 жылдың ортасында командадан шығарылды.
Remove ads
Жетістіктері
Ривер Плейт
- Аргентина чемпионы: 1991 (Апертура), 1993 (Апертура), 1995 (Апертура), 2002 (Клаусура), 2008 (Клаусура)
- Либертадорес кубогы: 1996
Парма
- Италия суперкубогы: 1999
Ньюэллс Олд Бойз
- Аргентина чемпионы: 2004 (Апертура)
Аргентина
- Америкааралық ойындар жеңімпазы: 1995
Қатысқан турнирлері
Дереккөздер
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads