Арканзас

From Wikipedia, the free encyclopedia

Арканзас
Remove ads

Арканзас (ағылш. Arkansas /ɑrkənsɔː/)[1]штат, Америка Құрама Штаттарының Оңтүстік аймағында орналасқан.[2] Халқы 2 937 979 адам (АҚШ штаттарының ішінде 32-орында; 2011 жылы). Астанасы және ірі қаласы — Литл-Рок.

 Басқа мағыналар үшін Арканзас (айрық) деген бетті қараңыз.
Quick facts
Remove ads

Географиясы және климаты

Арканзас жер көлем 137 732 км² (штаттар арасында 29-орын). Штат оңтүстігінде Луизианамен, батысында Техаспен және Оклахомамен, шығысында Теннесси және Миссисипи, солтүстігінде Миссури штаттарымен шекараласады.

Штаттың шығысында Миссисипи өзенінің жазығы орналасқан, солтүстігінде Уошито тауы және Озарк дөңесті үстірті алып жатыр. Климаты субтропикалық, шамалы ылғалды. Қысы жұмсақ және қарлы. Жауын-шашыны жылына 1000 мм-ден жоғары. Қаңтар айының орташа температурасы +2...+15 °С, шілдеде - +27°C. Жазда кейде +40°C ыстыққа жетеді.

Remove ads

Тарихы

Арканзас аумағын еуропалықтардан бірінші болып Эрнандо де Сото экспедициясы мүшелері зерттеді (1541). Штатты бірінші француздар, кейін ағылшындар және немістер қоныстанды. XVI ғасырдан XIX ғаыр аралығында Арканзас территориясына Испания мен Франция бір-бірімен таласты.

Артынан 1836 жылғы 15 маусымда АҚШ-қа қосылды. Арканзас одақтық мемелекет құрамында құлиеленуші штат болды. Артынан азаматтық соғыстан кейін президент Эндрю Джонсонның тыйым салуына қарамастан АҚШ құрамына қайта қабылданды.

Remove ads

Экономикасы

2003 жылы штаттың ЖІӨ-і $76 млрд болды. Арканзас — күріш, соя бұршағы өндіруе лдегі бай штат. Азық-түлік индустриясын дамытуда, электроқұралдар мен автокөлік бөлшектері өндірістері бар. Пайдалы қазбалар арасында боксит кені бойынша алдыңғы орындарда.

Демографиясы

Арканзас халқының едәуір өсуі 1940-жылдары байқалды. Этникалық құрамы: «америкалықтар» — 15,9 %, афро-американдықтар — 15,7 %, ирландықтар — 9,5 %, немістер — 9,3 %, ағылшындар — 7,9 %. Ең жылдам өсуші этникалық топ — Азиядан келгендер. Негізгі конфессия — протестанттар (негізгі ролде баптисттер және методисттер).

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads