Арне Слот

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads


А́ренд Мартейн «Арне» Слот (нидер. Arend Martijn «Arne» Slot; 1978 жылдың 17 қыркүйегі күні туған) — нидерландтық бұрынғы футболшы және қазіргі жаттықтырушы. Ағылшынның «Ливерпуль» клубының бас жаттықтырушысы.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Remove ads

Ойыншы мансабы

Жартылай қорғаушы ретінде Нидерландтың «ПЕК Зволле», «НАК Бреда» және «Спарта» (Роттердам) клубтарында ойнады.

Жаттықтырушы мансабы

Ойыншы ретіндегі мансабын аяқтаған соң Слот «ПЕК Зволле» клубының жастар құрамымен жұмыс істей отырып, жаттықтырушылар штабына қосылды.

2014 жылдың жазында Эредивизи клубы — «Камбюр» командасының бас жаттықтырушысының көмекшісі болды. Бұл қызметте Хенк де Йонг, Марсел Кейзер және Роб Маас секілді мамандармен жұмыс істеді. Команда Бірінші дивизионға түсіп қалды.

2016 жылдың 15 қазанында Слот «Камбюрдің» уақытша бас жаттықтырушысы болып тағайындалды, ал 2017 жылдың 5 қаңтарында тұрақты түрде осы қызметке бекітілді[1][2]. Слоттың жетекшілігімен «Камбюр» 14-орыннан 3-орынға көтерілді, бірақ плей-офф кезеңінде «МВВ Маастрихт» командасынан жеңіліп, жоғарғы лигаға орала алмады. Сонымен қатар, команда Нидерланд кубогында жақсы өнер көрсетіп, «Аяксты» жарыстан шығарып, тарихта алғаш рет жартылай финалға дейін жетті. Тек пенальти сериясында «АЗ» командасына есе жіберді[3].

2017 жылдың жазында Слот «Камбюрден» кетіп, «АЗ» клубындағы Джон ван ден Бромның жаттықтырушылар штабына қосылды[4]. 2018 жылдың 10 желтоқсанында маусым соңында Слот ван ден Бромды бас жаттықтырушы ретінде алмастыратыны жарияланды[5]. Бас жаттықтырушы ретіндегі алғашқы маусымында Слот барлық жарыстарда тоғыз матч бойы жеңілмей, Эредивизидегі дебюттік маусымда 19 ұпай жинаған алғашқы жаттықтырушы атанды[6]. «АЗ» «Аяксты» екі рет жеңді (1:0 және 2:0), сондай-ақ «Фейеноорд» (3:0) және ПСВ (4:0) клубтарын ойсырата ұтты. Маусымның 25 турында команда 56 ұпай жинап, «Аякспен» бірдей ұпаймен екінші орынды иеленді. Бірақ маусым COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатылып, чемпион жарияланбады. Келесі маусым «АЗ» жеңілмеген он ойынмен басталды, бірақ нәтижелер нашарлап, жиі тең нәтижелер тіркеле бастады. 2020 жылдың 5 желтоқсанында Слот «Фейеноордпен» келіссөздер жүргізіп жатқаны үшін қызметінен босатылды[7].

2020 жылдың 15 желтоқсанында «Фейеноорд» Слотты маусым соңында бас жаттықтырушы ретінде тағайындайтынын хабарлады. Бірінші маусымда команда 3-орын иеленіп, өткен жылғы нәтижені екі орынға жақсартты. Алайда ерекше жетістік – Конференциялар лигасындағы өнері болды. Топтық кезеңді бірінші орында аяқтаған команда 20 жылдан кейін алғаш рет еурокубоктарда 1/8 финалға өтті. Плей-офф кезеңінде «Партизан (Белград)», «Славия (Прага)» және «Олимпик Марсель» клубтарын жеңіп, финалға шықты[8]. Алайда финалда «Ромадан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Маусым соңында Слот Ринус Михелс сыйлығын алып, оның клубпен келісімшарты ұзартылды[9]. 2022/23 маусымында «Фейеноорд» Слоттың басшылығымен 82 ұпай жинап, алтыншы жылдан кейін алғашқы чемпиондығын жеңіп алды[10]. Слот екінші рет қатарынан жылдың үздік жаттықтырушысы атанып, мұндай жетістікке жеткен төртінші жаттықтырушы болды[11]. Сол маусымда «Фейеноорд» Еуропа лигасының ширек финалына дейін жетіп, Слот клуб тарихындағы еурокубоктарда ең көп жеңіске жеткен жаттықтырушы атанды[12]. 2023 жылдың жазында «Тоттенхэм Хотспур» Слотты шақырғанымен, ол «Фейеноордта» қалуды жөн көріп, келісімшартты тағы ұзартты[13]. Келесі маусымда команда алдыңғы маусымнан екі ұпай артық жинағанымен, чемпиондықты қорғай алмады. Дегенмен, 2024 жылдың 21 сәуірінде Слоттың командасы Нидерланд кубогын жеңіп алды — финалда «НЕК» клубын 1:0 есебімен ұтты[14].

2024 жылдың сәуірінде Слот Юрген Клопптың орнына «Ливерпульдің» бас жаттықтырушысы болатыны жайлы хабарламаларды растады[15][16]. 2024 жылдың 20 мамырында бұл тағайындау ресми түрде жарияланды[17]. Ағылшын Премьер-лигасының алғашқы турында «Ипсвич Таун» клубын жеңе отырып, Слот 1998 жылдан бері «Ливерпульде» дебюттік матчында жеңіске жеткен алғашқы жаттықтырушы болды[18].

Remove ads

Жаттықтырушы ретіндегі стилі

Слот «Фейеноорд» клубымен жұмыс істеген кезеңінде сарапшылар тарапынан клуб тарихындағы ең үздік жаттықтырушылардың бірі ретінде бағаланды. Ол нәтижелі ойынмен қатар, ойыншыларды дамытуға және шабуылға негізделген жарқын ойын стилін енгізуімен танылды[19].

Жаттықтырушы статистикасы

Мәліметтер 2025 жылдың 13 сәуіріндегі жағдай бойынша көрсетілген

Жетістіктері

Ойыншы ретінде

Командалық

ПЕК Зволле Эрстедивизи чемпионы (2): 2001/02, 2011/12

Жаттықтырушы ретінде

Командалық

«Фейеноорд»

Жеке

  • Ринус Михелс атындағы жүлде (2): 2021/2022, 2022/2023
  • Ағылшын Премьер-лигасының айдың үздік жаттықтырушысы: 2024 жылғы қараша[20]

Жеке өмірі

Слот – үйленген. Жұбайының есімі — Мирьям. Ерлі-зайыптылардың бір ұлы және бір қызы бар[21].


Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads