Архангельск облысы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Архангельск облысы (орыс. Арха́нгельская область, ауызекі тілде — Помо́рье) — Ресейдің Солтүстік Еуропалық бөлігіндегі 1937 жылы 23 қыркүйекте құрылған субъекті. Құрамына арктикалық архипелагтар: Франц-Иосиф Жері және Жаңа Жер және Соловецкий аралдар тобы кіреді, Ненец автономиялық округі, Колгуев және Вайгач кіреді. Баренц және Кар теңіздерімен шектеседі. Жерінің ауданы — 589 913 км² және халық саны — 1 202 295[1] адам (2013 жылғы мәлімет бойынша). Әкімшілік жағынан 19 ауданға бөлінеді, 11 қала, 37 қала типті посёлкалар бар. Орталығы — Архангельск қаласы.
Remove ads
Табиғаты
Архангельск облысы Шығыс Еуропа жазығының солтүстік-шығысын алып жатыр. Орталық бөлігі - адырлы жазық (абсолюттік биіктігі - 150-250 м)., оның шығыс жағында солтүстіктен оңтүстікке созылған Тиман Бұйраты (303 м) мен Пай-Хой (467 м) жотасының аралығында Печора ойпаты бар. Климатты қатаң, қысы суық, жазы салқын. Қаңтардың орта температурасы -12,5°С-тан -20°С-қа дейін, шілдеде +8°С-тан +17°С-қа дейін. Жауын-шашынның жылдық орта мөлшері 350-550 мм. Солтүстік шетін көп жылдық тоң басқан.
Басты өзендері:
- Солтүстік Двина
- Онега
- Мезень
- Печораның төменгі ағысы.
Ірі көлдер:
- Лача
- Кенозеро
- Кожозеро
Архангельск облысының жері негізінен күлгін және батпақ топырақты. Жерінің 45 %-ы (18,5 мле га) қылқан жапырақты орман. Жануарлардан: бұғы, ақ түлкі, тиін, аю, қасқыр, құстардан: шіл, құр т,б, кездеседі.
Remove ads
Халқы
Архангельск облысы - Ресейдің халқы өте сирек орналасқан аудандардың бірі. Орта тығыздығы - 1 км-ге 2.04 адам. Облыстың солтүстігінде, Солтүстік Двина өзені бойында халық тығыздау қоныстанған. Қала халқы - 76.0%. Ірі қалалары: Архангельск, Северодвинск, Котлас, Онега. Сольвычегодск мен Солонихада бальнеологиялық курорттары бар.
Шаруашылығы
Негізгі шаруашылық орталықтары: Северодвинск, Новодвинск, Котлас, Коряжма, Няндома, Вельск қалалары.
- Северодвинск қаласында Ресейдің атамдық кеме жасау орталығы.
- Облыс аймағында Мирный қаланың маңында Плесецк космодромы орналасқан.
- Облыста ағаш өңдеу және оны экспортқа шығару, машина жасау, балық өңдеу өнеркәсібі, терісі бағалы аң аулау, сүтті мал шаруашылығы дамыған.
- Энергетикасы Печора бассейнінің көміріне негізделген. Облста гипс, әк т.б. құрылыс мариалдар өндіріледі.
Көлік
- Темір жолдардың жалпы ұзындығы 1760 км, өзен жолдары - 3,8 мың км, тас жолдар - 7230 км.
- Үш аэропорт бар. Архангельск, Котлас, Нарьян-Мар.
- Теңіз порттары: Архангельск, Онега, Мезень, Нарьян-Мар.
Галерея
-
Северодвинсктегі Николо-Корельский монастырі
-
Солвычеводсктағы "Хамитов копесінің үйі"
-
Обозерская темір жол стансасы
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads
