Атланта

From Wikipedia, the free encyclopedia

Атланта
Remove ads

Атланта (англ. Atlanta) — АҚШ-тағы ірі қала, Джорджия штатының үлкен қаласы және астанасы, Фултон округінің административті орталығы[2] , (бірақ қаланың кейбір бөліктері штаттың өзге округтарында орналасқан).

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...

Халық саны (2013 жылғы кезең бойынша) — қала бойынша 447 841 адам (АҚШ-тағы 34-нәтиже), Атланта агломерациясы бойынша — 5 522 942 человек (9-нәтиже АҚШ-та). Бұл 2007 жылдың 1 маусымындағы санақ нәтижесі. 

Remove ads

География

Чаттахучи өзеніне қала жақын. Қала ауданы 343 км², агломерация ауқымы — 21 694 км².

Климат

Атлантада ылғалды субтропикалық климат. Жаз өте ыстық, қысы жылы, жаңбырлы, кейбір кезеңдерде суық. Температура және ылғал бойынша жер Сочи климатын қайталайды. Шілдеде орташа максимум 32 °C және одан жоғары, орташа минимум 21 °C. Кейде 38 °C-тан асып кетеді. 1980 жыл ең ыстық 40 градус тіркелді. Қаңтар — ең суық ай, температура 1 °C пен 11 °C арасында тербеледі. 

Ылғалдың орташа деңгейі - 1261 мм.

Remove ads

Архитектура

Thumb
Қала орталығы

Атлантада аспанмен таласқан көптеген ғимараттар бар және басым көпшілігі модерн және постмодерн стилінде салынған. Атлантадағы ең биік ғимарат — Бэнк оф Америка Плаза — 312 м. Бұл 1992 жылдан бері Оңтүстік АҚШ-тағы ең үлкен ғимарат. АҚШ бойынша 11-орында (егер Нью-Йорк пен Чикагодағы ғимараттарды есептемесек Америкадағы ең үлкен ғимарат); Әлем бойынша - 77-көрсеткіш.

Басқару

Қаланы мэр және 15 депутаттан тұратын қалалық кеңес басқарады. Мэр қалалық кеңес шешімініе қарсы шығып, вето қоя алады. Өз кезегінде қалалық кеңес те бұл ветоның кұшін жоя алады. Ол үшін қалалық кеңес бірауыздан бір жақта немесе көпшілігі бір ұстанымды ұстау керек. Атланта мэрі — Касим Рид. 1973 жылдан бері Атлантада афроамерикалықтар көп. Содан бері барлық мэрлер қара нәсілді.

Халқы

Тарихы

More information Жыл, Халқы ...
More information Нәсілдер ...

Атланта агломерациясына 140 қала кіреді, олар Джорджияның 28 округында орналасқан. Бұл Құрама штаттардағы ең тез өсіп келе жатқан агломерация.

Атланта АҚШ-тағы ірі қалаларың ішінде біржынысты неке саны бойынша 3-орын алады (Сан-Франциско мен Сиэтлдан кейін).

130 мыңнан астам адам қалада жоғары технологиялар саласында жұмыс жасайды. Атланта тұрғындарының жартысынан астамы бакалавр және одан да жоғары дәрежелерге ие.

Атланта тұрғындарының орта жасы - 33,8 жас. Атлантаға көбіне Нью-Йорктан және Нью-Джерсиден келушілер көп.[3]

Remove ads

Дін

Glenmary Research Center-тің 2000 жылғы зерттеуі бойынша, агломерацияның көпшілігі протестанттар (75 %), католиктер (15 %) және иудейлер (5 %). Атланта көптеген діндердің тарихи отаны болып саналады. 

Экономика

Атлантада көптеген компаниялардың орталық офисі орналасқан, соның ішінде Fortune 500 тізіміне кіретіндер де бар: The Coca-Cola Company, UPS, Home Depot, Delta Air Lines, AT&T Mobility, Newell Rubbermaid және Georgia-Pacific. Бірнеше ақпарат тарататын компаниялар да бар: CNN, TBS және Cox. Атлантаның Метрополитендік ареалында Fortune 1000 тізіміндегі компаниялардың 75 пайызы әртүрлі іс-шаралар өткізеді.

1886 жылы Атлантада Coca-Cola сусыны ойлап табылған.[3]

Remove ads

Білім беру

Атлантада 30-дан аастам жоғары оқу орындары бар. Беделділері: Джорджия технологиялық институты, Джорджия қалалық университеті және  Джорджия университеті.

Спорт

Thumb
Тернер-Филд. Атлантаның басты бейсбол алаңы.
  • Қалада «Атланта Трэшерз» атты хоккей клубы бар. 2006-07 маусымда бұл клуб өз дивизионында чемпион болды. Қалған жылдары НХЛ турнирінің плей-офф кезеңіне шыққан емес. 
  • «Атланта Хокс» (англ. Atlanta Hawks, «Атланталық қаршығалар») — кәсіпқой баскетбол клубы ел чемпионатының тұрақты қатысушысы.
  • «Атланта Брэйвз» (Radio RussianTown  (орыс.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 тамыз 2011. Тексерілді, 7 мая 2009., «Атлантские Батылдар») — кәсіпқой бейсбол клубы, бейсбол лигасына қатысады (МЛБ). 
  • «Атланта Фэлконс» (англ. Atlanta Falcons, «Атланталық сұңқарлар») — кәсіпқой американдық футбол клубы.
  • «Атланта Юнайтед» (англ. Atlanta United FC) — профессионалды футбол клубы. 
  • «Атланта Силвербэкс» (Энциклопедия крупнейших городов Америки.) — профессионалды футбол клуб. 
Remove ads

Ойын-сауық орталықтар

  • Атлантаның жерасты қаласы
  • «Кока-Кола әлемі» атты музей
  • Олимпиадалық парк
  • Атланта Ботаникалық саябағы
  • CNN штаб-квартирасы
  • Atlante History Center музейі
  • Автотрек Road Arlanta
  • Океанариум Georgia Aquarium
  • Театр Fox
  • Пидмонт-парк
  • Атланта хайуанаттар бағы
  • Стоун-Маунтин паркі
  • Мартин Лютера Кинг музейі

Бауырлас қалалар

SCI (англ.)русск. таратқан ақпаратқа жүйенсек Атланта 19 қаламен тығыз қарым-қатынаста:[4].

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads