Ацетальдегид

From Wikipedia, the free encyclopedia

Ацетальдегид
Remove ads

Ацетальдегид немесе сірке альдегиды немесе этаналь немесе метилформальдегид - химиялық формуласы:СH3СHO органикалық қосылыс, альдегид. Табиғатта кең таралған: піскен жемісте, кофеде, нанда кездесетін, өндірісте үлкен мөлшерлерде жасалатын маңызы зор альдегид.

Thumb
Файл тақырыбы
Thumb
Файл тақырыбы

Физикалық қасиеттері

Ацетальдегид - түссіз, тыныс тарылтатын күшті иісі бар сұйық зат. Қайнау температурасы - 20,8°С, балқу температурасы - 124°С, тығыздығы - 783 кг/m³. Су, спирт және эфирмен қандай мөлшерде болса да араласа береді. Уытты зат.

Рационалдық құрамы: С2H4O
C 54,53 %, H 9,15 %, O 36,32 %
Молярлық массасы: 44,0526 ± 0,0022 г/моль

Алынуы

2003 жылдың мәліметі бойынша, бүкіл әлемде ацетальдегид жылына 1 млн тонна алынады.

Кучеров реакциясы

Ацетальдегидті өндірісте көбіне М.Г.Кучеров реакциясы бойынша (мысалы, Теміртаудағы синтетикалық каучук зауыты) ацетиленге су қосып, 95°С температурада сынап тұзы қатысында алады:

Бұл тәсілде этил спиртің тотықтандырады немесе дегидратация жасайды, мыс немесе кұміс катализатордың қатысуымен:

Remove ads

Вакер процессі

Соңғы уақытта өндірісте ацетальдегидті алу үшін Вакер процесін қолданады[1]).

Тотықтандырғаш ретінде Паладий хлориді қолданылады. Мыс хлориді мен оттек қатысуымен өтеді:

Remove ads

Химиялық қасиеттері

Басқа да α-көміртек атомында сутекпен карбонилды қосылыстары бар химикалық заттарда сияқты, ацетальдегидте таутомерия байқалады: бөлме температурасында енол тұзеледі[2]):

Thumb

Ацетальдегид қышқылдардың әсерінен оңай полимерленіп, сұйық паральдегид (СH3СHO)3 және кристалдық метальдегид (СH3СHO)4 береді, ал екеуіне күкүрт қышқылдан қосып қыздырса, олар ажырап, қайта Ацетальдегид түзеді.

Қолдануы

Ацетальдегид сірке қышқылы , бояғыштар, дәрі-дәрмек, хош иісті заттар алуда және органикалық синтезде қолданылады.

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads