Бартер және бартерлік экономика

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Бартер және бартерлік экономика - тауарлар ақшаға емес, баска тауарларға айырбасталатын экономикалық айырбас түрі және осыдан туындайтын экономиканын түрі. Кейбір қоғамнын тұйық түрлерінде айырбас құралы ретіндегі ақша мүлдем болмайды. Бартер - саудада тауар айырбастау операцияларының бір түрі. Бартер мәмілесі бойынша тауарлар ақша қаражатын аудармастан, соның балама сомасына айырбасталады. Әдетте, бартер операциясы бір экспорт-импорт келісімшартының негізінде жүзеге асырылады, онда келісілген мерзімдерде ұсынылатын тауарлардың мөлшері, сомасы (келісімді бағалар бойынша) және түр-түрі атап көрсетіледі. Екі жақтың бартер келісімшарттары бойынша қабылдаған міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін банк кепілдіктері, үстеме аккредитивтер немесе «эскроу» есепшоттары қолданылады (шартты есептесу бірлігіне негізделетін арнайы есепшот, келісімшарт жағдайларының орындалу барысына орай тараптардың қай-қайсысы да оны пайдалана алады).

[1] [2]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads