Батыр (Баһадүр) хан

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Батыр (Баһадүр) хан (туған жылы белгісіз - 1680) – шамамен 1652-1672/1680 жылдар аралығындағы Қазақ хандығының билеушісі. Шығу тегі белгісіз, II Жәнібек немесе Есім ханның баласы болуы мүмкін.[1] Ж. Сәбитов болжамынша Батыр хан Шибанидтер әулетінен шыққан.[2]

Quick facts Лауазымы, Ту Қазақ ханы ...
Remove ads

Өмірбаяны

Батыр ханның билігі туралы деректер өте аз. Батыр хан туралы алғаш рет – 1735 жылы Уфіге Жолбарыс ханнан елші болып келген сарт Нұрмұхаммед Әлиев айтқан деректерден мәлімет қалған.[3]

1652 жылы Жәңгір хан жоңғарлармен болған шайқаста қайтыс болғаннан кейін, Батыр қазақтың аға ханы болып сайланса керек. Жәңгірдің балалары – Тәуке, Аппақ, Уәли сұлтандар әлі жас болғандықтан, жасы үлкен туыстары тірі кезінде жоғарғы билікке таласа алмады. Кейбір деректерге қарағанда, Батыр хан тұсында Тәуке Кіші жүздің сұлтаны болған.

1654 жылы қазақтар жоңғарларға қарсы сәтті жорық жасады. Бұл 1643 жылғы Орбұлақ шайқасынан кейінгі қазақтардың алғашқы жеңісі еді. Сол шайқастан бері қазақтың екі ханы - ІІ Жәнібек пен Жәңгір хандар қаза тауып, қазақ хандығы жерлерінің біраз бөлігін жоғалтқан еді. Сүйтіп жоңғарлардың ішкі жанжалын пайдаланып, 1654 жылғы жорық нәтижесінде Жетісу мен Шығыс Қазақстандағы аумақтар қайтарылды. Сондай-ақ жоңғарлардың беделді әмірі Ондон шайқастардың бірінде тұтқынға түсіп, үш жылдан кейін ғана қайтарылды.[4]

Сол жылдары Бұхарадағы Ресей елшісі болған Борис Пазухиннің айтуынша, 1671 жылы қазақтар Аштрахандықтар арасындағы, жоғарғы хан Абдулазиз бен оның інісі Балх билеушісі Субханкули арасындағы қақтығыстарға қатысқан. Қазақтар мен қарақалпақтардың қолдауына қарамастан, Абдулазиз бауырын жеңе алмай, Бұхара хандығы шағын хандықтар мен әмірліктерге біртіндеп ыдырауын жалғастырды.

Батыр ханның нақты қайтыс болған күні мен ұрпақтары туралы мәліметтер белгісіз. 1680 жылдан кейін деректерде Батыр ханның аты аталмай, 1672 жылдан бастап жоғарғы хан ретінде Тәуке хан атала бастайды.[5]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads