Бағырлай

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

БағырлайЖайық алабындағы өзен, Жайықтың оң жақ тармағы.

Quick facts Бағырлай өзені, Сипаттамасы ...
Remove ads

Географиялық орны

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Атырау облысының Индер аудандары арқылы өтеді. Ұзындығы 239 км, су жиналатын алабы 2 мың км2 .

Бастауы

Базартөбе ауылы тұсында Жайықтан бөлініп шығады да, онымен қатарласа оңтүстікке қарай ағады. Тереңқызыл көліне жетпей, құмға сіңіп, тартылып қалады.

Гидрологиясы

Аңғары мен арнасы кең, батыс жағасы жарлы болып келеді. Жылдық орташа ағыны 2,1 м3 /с. Желтоқсан-сәуір айлары аралығында бетіне мұз қатады. Суы тұщы, лайлы. Жайылмасы шабындыққа пайдаланылады. Өзен бойында ауданы 5,5 км2 Бағырлай бөгені салынған (1965).[1]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads