Безендіру

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Безендіру (сәндеу, көркемдеу) - сән өнерінің бір саласы. Әдетте, көрме, мереке, спорт ойындары, т.б. өтетін орындар безендіріледі. Безендіру сәулет, мүсін, кескіндеме, графика, театр, киноөнерінің көркемдеу құралдарын, жарық беру техникасын пайдалана отырып жүзеге асырылады. Ол, көбінесе, үгіт-насихаттық мазмұнда болып келеді. Безендіру өнердің театр декорациясы саласымен туыстас. Безендіруді монументальдық өнер туындыларымен шатастыруға болмайды. Монументальдық өнер тұтас бір дәуірдің рухын бейнелен, ұзақ уақыт сақталатын заттардан (тас, металл, т.б.) жасалса, Безендіру дәл бүгінгі күннің тынысын тез, өткір, әсерлі түрде суреттеп, мата, плакат, түрлі-түсті таспалар, шарлар, гүлдер сияқты жеңіл материалдарды қолданумен, кеңістікті меңгеру мен түрлі түстерді пайдаланудағы күрт, ұтымды шешімдерімен ерек-шеленеді. Безендіру тарихы көне ғұрыптық және діни рәсімдерден бастау алады. Қазақ топырағында алғашқы нышандары жыл басы Наурызға арнап көпшілік жиналатын орындарды қызылды-жасылды желеңге бөлеу, үзатылатын қыздың отауын, көш керуенін, т.б. Безендіру түрінде болды. Безендірудің кәсіби өнер шотындағы бір түрі - дизайн. [1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads