Бейэлектролиттер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Бейэлектролиттер – ерітінділері электр тогын өткізбейтін, ерігенде иондарға ыдырамайтын полюссіз байланысы бар бейорганикалық және органикалық қосылыстар. Мыс., оттек, азот, қант, эфир, спирт, глицерин, т.б. Ерітінді қасиеті құрамындағы жекеленген бөліктердің қасиетінен өзгеше болады. Ерітіндіні сипаттайтын қасиеттерге: осмостық қысым, қату және қайнау температуралары, бу қысымы, т.б. жатады. Бейэлектролиттердің сұйық ерітінділері мен заттардың газ күйінің арасында ұқсастық барын алғаш рет голланд ғалымы Я. Вант-Гофф байқаған (1887). Ол газ күйге арналған теңдеуін ерітінділер үшін де қолданған. Бейэлектролиттердің қату және қайнау температураларындағы өзгеріс Рауль заңымен сипатталады. [1]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads