Бершадь

From Wikipedia, the free encyclopedia

Бершадь
Remove ads

Бершадь (укр. Бе́ршадь) — Украинаның Винница облысындағы қала. Гайсин ауданының құрамына енеді. 2020 жылға дейін Бершадь ауданының әкімшілік орталығы болды.[1] Халқы: 13 038 (2015 ж.)[2]

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...
Remove ads

Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық

Қала өз елінде халық саны бойынша 213-ші орында (Украина), облыста 11-ші орында (Винница облысы).

Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Гайворон (25 км), Ладыжин (41 км), Кодыма (41 км), Балта (48 км), Гайсин (50 км), Благовещенское (53 км), Тульчин (59 км), Христиновка (60 км), Подольск (67 км), Умань (68 км), Каменка (71 км, Молдова), Монастырище (72 км), Рыбница (76 км, Молдова), Ананьев (79 км), Резина (80 км, Молдова), Шолданешты (81 км, Молдова), Немиров (83 км), Ильинцы (85 км), Липовец (101 км), Жашков (106 км).[3]

Remove ads

Тарихы

Бастапқыда қала Литва мен Польша Ұлы Герцогтігінің шекарасында орналасқан. XVI ғасырдың ортасында Бершадь қала мәртебесін алды. XVI-XVIII ғасырларда көптеген қақтығыстар мен соғыстардың объектісі болды. Ол Польша, Осман империясы, тағы да Польша билігінде болды және 1793 жылы Ресей империясының құрамына кірді. ХІХ ғасырда Бершад Киев пен Одесса арасындағы сауда жолының маңызды нүктесіне айналады. 1863 жылы мұнда теміржол пайда болды, бұл қаланың дамуына одан әрі ықпал етті. 1917 жылғы төңкерістен кейін Бершадь РСФСР-дің, кейінірек КСРО-ның құрамына кіреді.

1991 жылы Украина Тәуелсіздік алумен Бершадь аймақтық орталық ретінде дамуда. Қазіргі қала шарап шығаратын зауытымен танымал, сонымен қатар коньяктарды да шығарады.[4]

Remove ads

Өндіріс орындары

1827 жылы Бершадта Украинадағы бірінші қант зауыты салынды. Бершадь ұзақ уақыт бойы қантымен танымал болды. Қазір зауыт қант шығармайды, зауытта газдалған бетоннан құрылыс блоктарын өндіру жолға қойылған.

Көрнекі жерлері

Бершад өзінің сақталған сәулет ескерткіштеріне байланысты Украинаның тарихи қалаларының тізіміне енгізілген. Олардың негізгілері – синагога мен шіркеу (екеуі де 18 ғасырда салынған), Украинадағы ең көне қант зауытының ғимараты (1827). Сонымен қатар, Бершадта шамамен ондаған храмдар мен шіркеулер бар. Аудандық өлкетану мұражайы Балановка ауылында (Бершадтан 10 шақырым жерде) орналасқан. Мұражай 19 ғасырдағы ескі үш қабатты сағат мұнарасы бар ғимратта орналасқан. 1989 жылы мұражай ретінде арнайы салынған, ол шетелдік туристер арасында өте танымал.[5]

Remove ads

Галарея

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads